Дәстүрлі әндердің қазақ руханиятында алар орны ерекше. Әсіресе соңғы жылдарда олар халық арасында кеңінен насихатталуда. Бұл бағытта Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы халық әндерін қайта жаңғыртуда айтарлықтай еңбек етіп келеді.
Қазақ музыкасының қара шаңырағы саналатын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы халық әні кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының әдебиетшілер үйінде 1 желтоқсан күні Жаяу Мұсаға – 175 жыл, Үкілі Ыбырайға – 150 жыл, Мәди Бапиұлына 130 жыл толуына арналған «Сал-серілер ізімен» атты кеш өткізеді. Кешке консерваторияның ұстаздары Сәуле Жанпейісова, Дүйсенбек Өмірәлиев, Ардақ Исатаева, Еркін Шүкіманов, Тілеулес Құрманғалиев және халық әні кафедрасының түлектері Ерлан Рысқали, Абзал Қуанышұлы тағы басқа өнерлі дәстүрлі әншілер қатысады деп күтілуде.
Сал-серілер ізімен
Последние статьи автора