Сәкенге ескерткіш ашылды

Арқада тағы бір сауапты іс атқарылды. Сәкен серінің алғаш еңбек жолын бастаған ауылы ақынға ескерткіш орнатты. Ақынның ізі қалған Нұра ауданы Киевка ауылына барған жұрт енді Сәкен ескерткішіне тәу етпей кетпейтін болды. Ескерткіштің авторы – белгілі қарағандылық мүсінші Бейбіт Мұстафин. Жалпы биіктігі – 5,7 метр, ақын тұлғасы 3,7 метрді құрайды. Ескерткішті жасауға аудандық бюджеттен 24 млн теңге бөлінген.


«Қазақ халқының қайталанбас тұлғасы Сәкен Сейфуллиннің еңбек жолы дәл осы Нұра өңірінде басталған» дейді тарих. Мұғалімдер семинариясын аяқтаған соң, ол Бұғылы қазақ-орыс мектебінде сабақ берген. Бұл білім ұясы қазіргі Ахметауыл селосының (бұрынғы «Энтузиаст» кең­ша­ры) орнында болған №6 ауылда ұйым­дас­ты­рылыпты. Ақынның сүйген жары Гүл­барам Батырбекова да осы өңірдің тумасы екен.
Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов, Парламент депутаттары, мәдениет қайраткерлері, ға­лым­дар, Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұра­жайының басшылары, ақынның туыстары қатысты.
Сәкендей аты аңызға айналған алып тұлғаның есімі Арқа өңірінде жиі ауызға алынады. Ақын есімін алған көше, мәде­ниет мекемелері аз емес аймақта. Олардың ішінде Ахметауыл селосындағы орта мектеп, Киевкадағы көше, Қазақ облыстық драма театры мен Қара­ғандыдағы ақын атындағы даңғылды атап кетуге болады. Шет ауданындағы Жарық стансысына да С.Сейфуллиннің аты берілген. Жаңаарқа ауданында селолық округ, мұражай және Атасудағы орта мектеп пен бір көше ақын атын иеленген.
Cәкен Қазақстан Үкіметінің басшысы, Бүкілодақтық атқару комитетінің мүшесі болды. Ел басқарған жылдары Сәкен талай игі істерге ұйытқы болды. Қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің өзінде «қырғыз» атауын қазақ деп түзеп, «Қазақты қазақ дейік...» деп мақала жазды. Партияның қарсылығына қарамай, төтенше сессия шақыртып, Декрет қабылдауға ұйытқы болды. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуының бастауында тұрған да – Сәкен. Өндіріс орындарын құру, мал шаруа­шы­лығын асылдандыру, дамыту ісіне қосқан үлесі тіпті ерекше.
«Енді бір 20 жылдың ішінде қазақ өнер­лі халықтардың қатарына кіру керек. Оқусыз қазақтың күні қараң…» деп оқу-ағарту саласын дамытуға тікелей мұрын­дық болғаны мәлім.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста