Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған республикалық мүшәйра өтеді

Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған республикалық мүшәйра өтеді

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ақын, қоғам қайраткері, халқының біртуар ұлы Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығын кең көлемде атап өтіп, жастар арасында ақынның шығармаларын жан жақты насихаттауға шақырып үндеу жариялаған болатын. Осы мақсатта оқу орнында 2014 жылдың 10 қазанында ЖОО мен орта-кәсіптік оқу орны студенттері арасында «Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім» атты республикалық мүшәйра және ақын поэзиясынан мәнерлеп оқу сайысы өткізілмек. Назарларыңызға мүшәйраның талаптары мен шарттарын ұсынамыз.
1. Іс-шаралар мақсаты:
• Соңында сырлы да сазды поэзия қалдырған ақын, ғұмырын елінің жарқын болашағы үшін күресуге жұмсаған қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын, саяси-қоғамдық қызметтерін, азаматтық тұлғасын мадақтап, жыр жолдары арқылы жастар арасында насихаттау.
• Қазақ тілінің байлығын, көркемдігін өлең-жыр арқылы көрсете білу, жастарды тілін, ділін, елін, жерін, тарихын қадірлеуге шақыру.
• Жас ақындарды, талантты студенттерді ынталандыру.
2. Конкурс талаптары:
• Мүшәйраға қатысушы талапкер бұрын ешбір жерде жарияланбаған, компьютерде терілген екі өлеңін жіберуі тиіс.
Бірінші өлеңі Сәкен Сейфуллинге арналуы керек (міндетті);
Екінші өлеңі патриоттық тақырыпта болуы қажет.
• Мәнерлеп оқуға қатысушылар ақынның 2 өлеңін оқуға міндетті. Дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады.
• Құрамында елімізге танымал жазба және айтыс ақындары, "Шабыт" байқауының жеңімпаздары болатын қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың поэзияны оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударады.
• Іріктелген өлеңдер арнайы жыр жинағына енгізіледі.
Аталған шараларға Алматы, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Астана т.б. қалалардың ЖОО мен орта-кәсіптік оқу орындарының білім алушылары қатысуға ниет білдіруде.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, арнайы дипломдармен марапатталады.
Ұйымдастырушы:
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Байланыс телефондары: 31-75-25, 87021236826
Эл.пошта: asemgul_kazatu@mail.ru

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста