Танымал әнші Сәкен Майғазиев пен Мәдина Сәдуақасова араларындағы қатынасты халықтан жасырмай, бар шындықты жайып салды, – деп хабарлайды El.kz.
Қымбатты достар! Қымбатты Қазақ елі! Біз осы қасиетті Рамазан айында бүкіл шындықты айтуымыз керек боп тұр. Адамнан жасырғанды Алладан жасыра алмайсың дейді. Өткендегі ән сапарда да айттым. Қасиетті айда шындықты айтуды жөн көрдік. Біздің студенттік шағымыз, бозбала, бойжеткен шағымыз бірге өтті. Ащыны, тұщыны, аштықты, тоқтықты бірге көрдік. Екеуміздің өз отбасымыз бар. Отбасымызбен араласамыз. Біз бір оғаш қылық көрсеткен жоқпыз. Артық іс көрсеткен жоқпыз. Ұшақтан бірге түссек, қосып қоясыздар, жабыстырып қоясыздар. Сондықтан біз доспыз. Бір әулеттің баласындаймыз."Жақсыда жаттық жоқ" дейді ғой. Мәдина менің келіншегіммен дос. Мен Мәдинаның жолдасымен бауырмыз. Екеуміз бір-бірімізбен хабарласқан жоқпыз. Тек кездесіп қала береміз, – деп ағынан жарылды әнші Сәкен Майғазиев.