Сәкен Майғазиев: Өзім шымкенттік болғаныммен балағат сөзді Алматыға келіп естідім

Сәкен Майғазиев балалық шаққа саяхат жасады. Әнші бала күнінде тәртіпті бала болғанын айтады. Балалық армандарын, қызықты оқиғаларын еске алды, - деп жазды Stan.kz.

Бұл туралы “Түнгі хабар” бағдарламасында айтылды. 

Сәкен Майғазиев балалық шаққа саяхат жасады. Әнші Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының Шу өңірінде өмірге келген. Осы елдімекенде балалық шағы өтті. 

“Мен бұзық бала болдым деп айта алмаймын. Мен көп балалы отбасынан шықтым. Ауыл баласы болдық. Қой бақтық, көлге түстік. Ауыл баласының балалығын бастан өткердік. Мен аса бір бұзық бала болған жоқпын. Тіпті балағат сөздің өзін Алматыға келіп естідім. “Шымкентке барсаң, шешеңді күнде еске салып тұрады” дейді ғой. Бұл өте бұрыс пікір. Ол әр әулетке байланысты деп ойлаймын. Біздің әулетте ондай сөздер айтылмайды”, – деді Майғазиев. 

Әнші бала күнінде үнемі қалың көрерменді түсінде көретін еді. Бұл Алланың тылсым дүниесі деп сенеді. Бүгінде сол түсі өңіне айналған. 

“Мен бала күнімнен өнерге жақын болдым. Кітаптарды қойып, барабан етіп ойнаймынтын. Кітаптың қадірін білмедік. Қалыңдығына қарай әр кітаптан әртүрлі дыбыс шығады. Қауашақтарды жинап әкелетінмін. Содан музыка шығаратынмын. Әпкелерім қоқыс жинама деп ұрсатын. Солай өстік. Түсімде үнемі қалың көрерменді көретінмін. Сахнаны көретінмін. Қазір сахнада тұрғанда сол түсім, балалық шағым есіме түседі. Бұның бәрі Алланың жазғаны. Аллаға сансыз шүкірлік етемін. Бала арманыма жеттім десем де болады”, – деді әнші. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста