Шәкәрімге жақындау

Шәкәрімге жақындау

Кеше Қазақстан Жазушылар одағында «Шәкәрім мұраларына жаңа буын көзқарасы» деген тақырып аясында дәстүрлі «Шәкәрім оқулары» өтті.

Жазушылар одағы мен Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған бұл мәдени шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің ғылыми қолданыстағы аясын кеңейту әрі жастарды рухани-ізгілікті жолға бағыттау үшін  Шәкәрім шығармаларын ғылыми айналымға енгізе отырып зерттеп, насихаттауға күш салу. Шара аясында Шәкәрім шығармаларын жатқа айтатын жастардың беталысы таразыға салынып, ақын мұрасын тереңнен талдап, жаңа қырынан зерттеп-зерделеп жүрген шәкәрімтанушылар арнайы дипломмен марапатталды.

Осы орайда біз белгілі ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, «Абайтану» орталығының директоры Мекемтас Мырзахметұлының шәкәрімтануға байланысты пікірлерін ұсынып отырмыз:

shakarim3

– Абайды таныған адам Шәкәрімді оңай таниды. Шәкәрімді астынан келіп танимын дегендер адасады. Себебі Шәкәрім – Абайдың шәкірті. Сол жолмен жүрген, сол жолды ары қарай дамытқан, екіншіден, олар біздің елімізде ар ғылымының негізін салғандар болып отыр. Қазір Батыстың мінез-құлқын ақпарат құралдары арқылы бойымызға еріксіз дарытып жатырмыз. Біздің оған қарсы қоятын  бірден-бір құралымыз – Абай салған толық адам ілімі,  ар ілімі. Бұл басқа халықтың қолында жоқ. Еуропа қазіргі мінез-құлық жағынан шіруінен арыла алмайды. Одан ары жол жоқ. Дүние қуған адам алысқа бармайды. Жинайтын дүние – рухани қазына, оны ұры да, басқа да ала алмайды.

Шәкәрімнің мұрасы еуропалықтардан әлдеқайда жоғары тұр. Олар бұл деңгейге әлі жете алған жоқ. Жантану ілімінің негізі қазақ даласында ХІХ ғасырда салынды. «Жантану» деген сөз – Алланы тану.  «Жантану» деген мәселе қазір ғылымда көтеріле бастады. Бірақ біздің философтар бұған жете алмай келе жатыр. Өйткені олар психологияны «жантану» деп жүр. Психология жантану бола алмайды. Философия ойлаудың заңдары туралы, ал  психология – адамның бойындағы психикалық құбыластарды зерттеудің заңдары туралы ілім.   Оны тұтас ұғынбасақ та, біртіндеп барып ұғыну біздің қолымызға дүниетанымдық, идеологиялық құрал береді.

Бүгінде уақыт қатты өзгеріп жатыр. Көзқарастар да өзгеруде. Қазір батыс үлгісімен жүріп келе жатқан  Қазақстан ғана емес,  бүкіл түркі әлемінің қоғамдық ғылымдары белгілі бір тұйыққа келе жатыр. Ол рельстің басында бұрын ренталистер, одан кейін еуроцентристер тұрған. Ендігі жол ары қарай жүрмейді. Не істейміз? Жалпы, ертерек есін жиятын мемлекет өзінің идеологиясында ғылымды дамытудың үлгісін, қалпын өзгерту керек. Яғни біз жаңа ұлттық, шығыстық үлгіге  қарай ауыспасақ адасамыз.

Сына
Осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жандылардан бастап, адамдарға шейін – бәрі өзі һәм нәсілдерінің жақсылықта болып, өсіп-өнуіне қам қылады. Мұны «барлық таласы» дейді. Бұл – жаратылыстың берік жолы. Сондықтан барша адам шамасына қарай қайбірі өзі үшін, қайбірі барша адам баласы үшін жақсылық, бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады.
Тіршілік турасында адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де, жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті ұқсамайтын біртүрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек.

Шәкәрім. «Үш анық»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста