Шәкәрім және жастар бойындағы ар ілімі мәселесі

Абай ОМАРОВ (коллаж)

70 жылдан астам уақыт қазақтың бай мұрасы тұншығып жатты. Оның бірі – Шәкәрім әлемі. Бүгінгі таңда Шәкәрім «әлемінен» табатын дүниеміз – жырға малынған сырлы сөз құдіретінің құпиясын ашу, тереңіне жету. Олай болса, қайта оралған арысымыздың ішкі жан-дүниесін өскелең ұрпаққа жеткізу көкірек көзі ояу, рухани бай азаматтардың борышы деп білемін.
Шәкәрім атамыздың есімін кеңестік солақай саясаттың құрсауынан шығару сәті тек 1988 жылы ғана түсті. Шәкәрім есімі­мен көшелерді, оқу орындарын тағы да басқа мәдени ордаларды атай бастадық.
1993 жылдың 13 мамырында ҚР Ми­нистрлер Кабинетінің қаулысымен Семей педагогикалық институтының атауы өз­гертіліп, Шәкәрім есімі берілді. 1999 жылы институт алдына елімізде тұңғыш рет бабамыздың ескерткіші орнатылды. 2008 жылдың қыркүйек айында республикалық деңгейде Шәкәрім бабамыздың 150 жылдық мерейтойы атап өтілді. Еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі ғылыми-мәдени шаралар ұйымдастырылды.
Іргелі білім шаңырағы Семей педа­гогикалық институтында өткен мерей­тойлық ғылыми басқосуда көптеген пікір­лер айтылды. Айтпақ ой: Шәкәрім есімі­мен байланысты барлық дүние, тек науқандық болып қалмау керек. Ол дұрыс та. Бірақ Шәкәрімнің 30 жыл «құрқұдықта» жатуы, оны ақтап, 30 жыл тағы «тұн­шықтырып» тастауы деген әңгімені ендігі кезекте айта бермей, нақты Шәкәрімтану саласын одан әрі жалғастыру керек деген ойлар білдірілді. Шәкәрім өзі өмір сүрген кезеңдегі көтерген мәселелер мен оның шығармаларының рухани құндылығын зерттей түсу – алдағы міндет.
Жастар, бойына рухани және материал­дық құндылықтарды тек өздері жинақ­тайды. Бұл дүниені қозғай келе, Шәкәрім бабамыздың «Үш анық» философиялық трактатына соқпай кете алмаймыз. «Үш анықты» саралай келе, Шәкәрім шығар­маларын санаға тоқуымыз керек. Бұл күрделі дүние, десе де адамзатты, әлемді қоршап тұрған болмыс көріністерін «Үш анық» кеңінен қамтиды. Жалпы, Шәкәрім шығармаларын оқу үшін адам рухани дайындалу керек сияқты.
Әуезовше айтсақ, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» дегенін Шәкәрімнің анық деп көрсеткен философиялық тұжы­рымдамаларынан бастау керек сияқты. Сонда адамның бала кезінен-ақ ұждан, ұят, ар мәселесін санаға тоқыту керек. Ар, ұяттың «әліппесі» деп нені тануға болады? Шәкәрімге дейінгі рухани дайындықты неден бастау керек? «Шәкәрімше», осы сауалдардың жауабын ғалымдардан сұраймын. Бұл – уақыттың еншісі.
Сонымен «Үш анық» деген не? Бірінші анық – барлық табиғат құбылыстары, бел­гілі бір тәртіпте, жүйелілікте жүзеге асатын дүниенің даму заңдылықтары, яғни еш­қандай кездейсоқтықсыз даму Жара­тушының туындысы. Болмыстың заттық көрінісі. Екінші анық – өлімнен кейінгі тір­шілік, жан өлмейді. Шәкәрімнің дүние­танымын зерттеушілердің айтуынша, бірі – Шәкәрім жан мен рухты бөліп қарайды дейді, өйткені Шәкәрім рух ол жан емес, ол адамның таза ақыл (арлы ақыл) ойымен байланысты қасиет деп білді, екіншілері – жан мен тәннің өзіндік денесі бар, жан денесі – рух деп қарастырады. Үшінші анық – ол ұждан. Ұждан – дүниенің мақ­сатты жарасымдылығын жеткізетін, адам жанының мәдениетін жасайтын азық, екі өмірге де керек жанның қасиеті. Бұл қасиет адамның рухымен, ішкі рухани әлемімен байланысты. Ұждансыз адамды елестету мүмкін емес.
Ұждан – дегеніміз ынсап, әділет, мейі­рім. «Адам ақиқатты бас көзімен емес, ақыл көзімен көреді» дейді Шәкәрім. Ол «ақыл» деген сөздің мағынасын кеңейте түседі, ақыл адамның ақыл-есін, ой-өрісін, сана-сезімін анықтайды. Адамды адам ететін – рухпен нұрланған қасиет. Ұждансыз адамның жүрегін ешбір ғылым, ешбір өнер тазарта алмайды. Ұждан барлық дүниеден биік тұру керек (орысша айтсақ, «совесть высше всего» – авт.).

Абай атамыз:
Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі –
                                                   асыл тас,
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас...
...Достық, қастық, бар қызық –
                                                    жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі,

– дей келе, ар, ұятты адамның жоғарғы мәртебесі деп санайды.
Жалпы, адам баласының ішкі орга­низмін­де бағынбайтын дүние – жүрек. «Жүректе қайрат болмаса, ұйықтаған ойды кім түртпек?» демекші, болмыстың ма­териалдық және рухани тетігін жабатын қырлары болады. Жан мен тәннің өзара күресі, жан денесі – рух пен тән денесі – нәпсінің арасында үнемі қақтығыстар байқалады.
Қазіргі таңдағы жастардың, тіпті, жас, кәрі деп бөлмей-ақ, адамның бойындағы рухтан басым болып жататын нәпсінің билеуі, соның жетегінде кетуі қынжылтады. Жүректі дір еткізер ғашықтық сезімнің сәттік көріністерін көріп, естіп жатамыз.
Адам бір күндік өмірмен күн кешпейді, Шәкәрім ілімінде ұждан – ғылымнан да, өнерден де, білімнен де қасиетті нәрсе. Ертеңгі күнді ойлап, қазіргі жастардың ертең отбасы болып тұруын ойласа, ол – қоғамды қалыптастыратын жол. Қаптап кеткен зинақорлық (ерлі-зайыпты бол­маған адамдардың жыныстық байланыста болуы) әрекеттерге бармауды Қасиетті Құранның Исра сүресінде айтады: «Зина­қорлыққа жуымаңдар. Өйткені оның арсыздық, жаман жол екені шүбәсіз». Сон­дықтан да адам баласын Ислам шари­ғаттары арсыздыққа апаратын әрекет­терден тыйып отырды.
Ұждансыз адам басқа қасиеттердің барлығын зұлымдыққа пайдалануы мүм­кін. Міне, Шәкәрім өзінің «Үш анық» кон­цепциясы негізінде «ар ілімін» қалып­тастырды. Ар ілімі – ол рухани тазалық жолы. Мақсаты: ішкі тазалыққа жету арқы­лы хақтықты тануға жол ашу.
Ар, ұят – адам өмірінде рухани таза­лықты қалыптастыратын негізгі тетік.
Шәкәрім ұжданның шығуын былай көрсетеді: «Мен сол ұждан, совесть қайдан шы­ғып тұр десем, оған жауап жоқ сияқты. Меніңше, совесть – жанның тілегі. Неге десеңіз, жан тіпті жоғалмайтын, бұзыл­майтын нәрсе, барған сайын жоғарылайтын нәрсе, сондықтан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады. Мәселен, таза дене, толық мінез, ой, істер керек қылады».
Шәкәрім «ақылды жанның мүлкі – әлем» деп түйіндейді, ол дегеніміз – ақылды адамға өзі көрсеткен «үш анықтың» жауабын тауып, рухани әлемі түген­делмек.
Ұят, ар, ұждан – имандылық жолы. Жү­регінде иманы бар адамның ішкі рухани әлемі толығады. Не арқылы толығады, немен толықтыруға болады?
Қазіргі таңда әрбір қоғам мүшесіне ақпарат арқылы танымдық қызметтер жа­сауға болады. Ұждан артықшылығы мен нәпсінің кемшілік, жамандығын наси­хаттайтын мәдени-рухани шаралар ұйым­дастырылу керек.
Ислам әлемі мен Шәкәрімнің ішкі рухани дүниесінің толығуы ілімде қалып­таспақ. Сондықтан «Ар ілімін» тереңірек үйретер кешенді бағдарлама керек сияқты. Оған педагогика, психология, мәдениет­тану, философия, теология, этика т.б. ілім салалары қосылған арнайы мектеп, ғылы­ми бағыт қою керек сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста