Динара Абдуллина мен жаңа туған нәрестені шығарып алуға жұлдызды жұптың жақын достары мен әріптестері келген.
50-ге тақаған шағында ұлды болған Сәбит Әбдіхалықов жетінші баласын перзентханадан шығарып алды, деп жазады Stan.kz.
Динара Абдуллина мен жаңа туған нәрестені шығарып алуға жұлдызды жұптың жақын достары мен әріптестері келген.
Олардың арасында Жанатбек Бәйтеков, Рахман Омар мен Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік жасөспірімдер театрының ұжымы бар. Сондай-ақ, Сәбит Әбдіхалықовтың тұңғыш ұлы Асылжанды байқауға болады.
Жуырда Әбдіхалықовтың үшінші жары оған ұл сыйлады. Жетінші мәрте әке атанған Сәбит мырза келер жылы ердің жасы елуге келеді. Сол себепті ол ұлды болғанда "Елубай өмірге келді" деп сүйіншілеген еді. Ал нәрестеге шынында қандай есім берілгені әзірге белгісіз.
Айта кетейік, бұл Әбдіхалықовтың жетінші перзенті. Актердің Айгүл Иманбаевадан бір ұлы, Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар. Сондай-ақ, үшінші некесінен екі атұстары өсіп келеді.