Сәбит Әбдіхалық пен Алтынайдың ажырасуына не себеп?
«Сұлу келіншегің мен айдай көрікті 4 қызыңмен ажырасып отырғаның!» – деген Гуля Сәбиттің Алтынайдан артық жар таба алмайтынын айтқан
Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаеваның ажырасуы туралы ақпарат пайда болғалы бері қос өнер иесінің жанкүйерлері тыным таппай келеді. Олар төрт қызымен жалғыз қалған Алтынай үшін алаңдаушылық білдіріп жатыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әсіресе, желі оқырмандары Сәбит Әбдіхалыққа отбасына байланысты өз ақылдарын хат арқылы жеткізуде.
Мәселен, Гуля (gulya_11_10) есімді желі қолданушысы Сәбит Әбдіхалықтың жас қыз үшін әйелін ренжіткенін айтып, оны сынады. Дегенмен Гуляның айтуынша, жұлдызды жұп арадағы 4 бала үшін бір-біріне кешіріммен қарап, қайта табысуы тиіс.
«Сəбит, əрине отбасыңның жағдайы ол жеке ісің, дей тұрғанмен Алтынай екеуің өте мықты жанұяның бірі едіңдер! Мынау 4 қызды ойласаңдар қайтеді, сен ақылды азамат сияқты едің ғой! Мұның не? Сұлу келіншегің мен айдай көрікті 4 қызыңмен ажырасып отырғаның!» – деген Гуля Сәбиттің Алтынайдан артық жар таба алмайтынын айтқан.
«Аспандағы айды алғың кеп жүргеннен саусың ба? Өзіңе жарасатын қылық жасасаң қайтеді? Халықтың ең құрмет тұтатын, жақсы көретін, сыйлы адамдарысыңдар, сендерге қарап талай жас үлгі алады, сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңді ұрайын! Соншама бір біріңді кешіре алмайтындай не болды? Аллах тағалам қателік жасаған пендесін кешіргенде, сендерге не жоқ?! Далбасаламай барып, Алтынайды алып кел! Не деген сұмдық? Ертең қыздарың күйеуге шыққанда қалай ұялмайсың?! Орыс болсаң мейлі екен, ойыңа кегенді істейтін», – деп сынады ол.
Ал желіде Қуанышқызы (kuanyshkyzy.15) деп тіркелген оқырман Алтынайдың орнында болса, Сәбитті кешіретінін жазған.
«Қазақта мақал бар “Еркек жүрсе алды ашылады, əйел жүрсе арты ашылады”. Ата-бабаларымыз үш-төрт әйел алған ғой. Артық айтсам кешірім сұраймын, мен Алтынайдың орнында болсам кешірер едім. Мүмкін Сəбитке жолықпағанда дəл осылай жұлдыз болар-болмасыңыз екіталай еді ғой», – деп жазды ол.
Десе де желідегілер арасында әлі күнге дейін жұлдызды жұптың ажырасқанына сенер-сенбесін білмей отырғандар көп болып шықты.