Дәстүрлі әнші Шаба Әденқұлқызы бүгін ана атанды.
Әнші дүниеге ұл әкелді. Сәбидің салмағы 3.600 келі, бойы 53 см болып туылыпты.
Халық әндерін орындаудан алдына жан салмайтын Шаба осыдан бір жыл бұрын Нұрлан Сағынай есімді актер жігітке тұрмысқа шыққан болатын. Қазір отбасымен бірге Алматы қаласында тұрады.
«Baistars.kz» ұжымы әншіні құттықтай отырып, сәбидің бауы берік болсын деген тілек білдіреді.