Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қақтығысқа қатысты халық әртісі Роза Рымбаева қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды.
"Мен көп ұлтты ауылда туып-өстім. Әр түрлі ұлт өкілдерінен болған көршілерімізбен тату-тәтті өмір сүрдік. Меніңше, бір ауылда тұратын көршілер ұлтқа бөлінбестен бір-біріне мейірімді болып, құрмет көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі бола білуі керек. Көп ұлтты, бірлігі жарасқан ел екендігімізді ұмытпайық", - деп жазды Роза Рымбаева.