Отандық әнші Роза Әлқожа ауруханаға түсіп қалды. Өнер иесі Қарағанды қаласының емханасында екенін Instagram парақшасында мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ақыры ауруханадан бір-ақ шықтық. Қарағанды", - деп жазды ол.
Ал желі қолданушылары өнер иесі үшін алаңдаушылық білдіріп, сауығып кетуіне тілектес екендерін жеткізді.
"Тезірек сауығып кетіңіз", "Алла шипасын берсін", "Ауырмаңыз", "Алла қуат берсін", "Балаларыңыздың бақытына аман болыңыз", "Сауығып кетуіңізге тілектеспіз", "Не болып қалды" деп жазды желідегілер.
Әнші нақты қандай себеппен ауруханаға түскенін айтпаған.