Роза Әлқожа, Әнші-сазгер: «ҚАЗАҚТЫҢ ТОПЫРАҒЫ БАРДА, ҰЛТЫМЫЗДЫҢ КЕУДЕСІНДЕГІ ЦЕНЗУРА БҰЗЫЛМАЙДЫ»

Роза Әлқожа бүгінде тамаша Әндерімен жұртшылыққа кеңінен танымал. Өнер Әлеміне ол «Мен сыйға тартқан орамал» атты тамаша Әнімен тыңдарманның ықыласын бірден иелене енді. Ән қанатында ғана тербелмей, аяулы ана атанды. Бүгінде көп балалы аналар қатарында. Әншіні сұхбатқа шақыра отырып, өнер мен өмірдің тізгінін қатар тартып жүрудің сырына қаныққандай болдық.

Рейтинг: Роза, журналистер Әдетте өнер туралы, Әндерің туралы көп сұрақтар қойып жатады. Бүгін Әңгімені өнермен қатар, отбасы, оның құндылықтары туралы құрсақ. Жалпы, өнер қуған, елге танылған Әнші-сазгердің көп балалы болуы қиын ба?

Роза Әлқожа: Анам мені ұзатарда: «Қызым, Алладан он бала сұра! Қайсысы саналы, қайсысы санасыз болады, қайсысы ғұмырлы болады, Алла біледі!» – деп еді. Әрі баланың анасы-әкесі, ағасы-інісі болуы қажет деген ойда болдым. Жағдайымыз көп жастардың басындағыдай болғанымен, ішкі ойым Құдайдың бергеніне қарсы шықпауды құптады. Ал осы балапандардың мені күллі алашқа сүйкімді ана ететінін ол кезде ойламаппын да!.. Сапарларға байланысты дер кезінде қасынан табыла алмай қынжылатын сәттерім көп. Өйткені, балалар әлі кішкентай. Мейірім мен ата-ана назарына мұқтаж. Әкесі жұмысқа ерте кетіп,кеш қайтады. Қатты танылмай тұрғанда мұндай сапарлар аз еді. Қазір де ұшақпен тез арада барып-қайтуға тырысамын. Дегенмен оңай емес.

Бірақ балалар ата-анасымен мақтана да біледі екен. Тұңғышымыз мектепке барғанда «мама,сен барлық жағынан ең керемет ана болшы» деді. Осы сөз қатты әсер етті. Бір қиыны, ел бізді керемет бақуатты деп ойлайды. Ал біз «не берсе де Алла берекесімен берсін» деген қазақпыз. Бала емес пе, пендешілікке бой алдыру мүмкін. Ондайда шариғат амалдарын айтып, желігін басып қоямыз. Балаларды барынша қарапайым етіп тәрбиелеп жатырмыз. Өйткені, көпшілік арасында эгоист болуға болмайды. Не жесе де бөліп жеуге, барға қанағат етуге үйретеміз. Елден асып кетпеу қажеттігін айтып отырамыз. Егер мақтанға салар болсақ, әрқайсысына киім әперем деп-ақ шығынға батар ек... Өйткені, сән мен техниканың соңғы үлгісіне ілесіп жүру – байлардың өзіне үлкен проблема!

Рейтинг: Жарың Айдын екеуің де студент шақтарыңда бас қостыңдар. Ол кезде Әндеріңнің жаңа шыға бастаған кезі. Өнер мен өмірді қатар алып жүрудің жоспарын құрдыңдар ма?

Роза Әлқожа: Он алты жасымда ҚазҰУ-ға түстім. Шешем «жақсы жар, жақсы келін болғаныңды қалаймын» деген еді. Содан да мен анам қалаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуға келіскенмін. Алайда келген соң, нағашым «ең құрыса, өнер адамдарының қасында жүретін журналист болайын» деген арманыма құлақ асты. Ән салып жүріп ұстаздарымның сүйіспеншілігіне бөлендім. Ерке студентті сол кездегі «Жас Алаштың» тілшісі де ұнатып қалыпты... Алғаш үйленгісі келгенін айтқанда 18 жастағы мен: «Мен журналист емес, әнші боламын. Соған көнсең ғана күйеуге шығамын!» – деппін. Сонда Айдынның: «Сен әніңмен ғана әдемісің. Әйтпесе көп қыздың бірісің!» – деген сөзі менің бүкіл тағдырымды шешіп берген...

Рейтинг: Сәбимен отырғанда өнеріңді қалай ұштадың? Қандай қиындықтары болды?

Роза Әлқожа: Алғаш перзентті болғанда мен студент едім. Он екі күндік баламды тастап сабаққа кеттім. Енем «алаңдамай бара бер» деді. Екінші балада жағдайды жолдасыммен бірге жақсарту үшін жұмысқа шықтым. «Екі жақтап табыс тауып, жер аламыз, үй саламыз» дедік. Сосын маған баламен үйде отырмай-ақ шығармашылықты қатар алып жүру қиын емес сияқты боп кетті.

Рейтинг: Әуелі мамандығың бойынша журналист болып қызмет істедің. Бұл салада қалу немесе өнер жолына біржолата бет бұру мӘселелерінің таразыға тартылғаны қай тұс? Таразы басы өнер жағына тез ауды ма?

Роза Әлқожа: Газетте істеп жүргенде айлығымды жинап, әннің аранжировкасына төлейтін едім. Ол кезде әнді өңдеу құны 500 АҚШ доллары болатын. Содан Нұртөре аға Жүсіп: «Шын тұлпар бәйгеге түседі. Қойшобыр қойдың соңында жүреді. Әлің келгенше шап!» – деп кеңес берді. Осы ойымды Алтынбек Сәрсенбаев аға да құптап: «Сенде өнер адамына қажет қасиет бар екен», – деген болатын. Есіл-дерті ән адамға газеттің жұмыстары оңайға соқпады. Қанша өнердің ортасында жүрмін дегенмен, кейде экономикалық,саяси тақырыптағы баспасөз конференцияларына барғанда қиналатынмын. Олар көбіне орыс тілінде өтеді. Содан бір күні Ақбота Керімбекованы іздеп бардым. Отбасылы әйел өнерде жүре алатынын айтып, қорықпауым керегін ұқтырды. Бірақ «екі кеменің басын ұстама» деді. Кейіннен «Қазақ радиосында» еңбек еттім. Соңында адам бәрін қатар алып жүруі мүмкін емесін ұққандай боп, әнді таңдадым.

Рейтинг: Жалпы, журналистика – ақылды мамандық. Ал қазіргі жас Әншілердің басым бөлігінің Ән, стиль таңдаудағы төмен талғамы журналистерді қатты шаршатып жүр. Екі сала да саған жат емес. Бірін ақтап, бірін сабырға шақыратын кезің көп пе?

Роза Әлқожа: «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда...» Жалпы, ән саласында ғана емес, өмірде көп нәрсеге тым жоғары талғаммен қарайтын сәттерім көп. Санада қаптаған сауалды тіршілік деген қажеттілік кеп жеңеді... «Көш жүре түзеледі» деп жұбатамыз өзімізді. Бір нәрсені білем – «жазушы оқырманның ыңғайына жығылған күні әдебиет өлетіні»сияқты, эстраданың болашағы қатты алаңдатады. Мен өзімді сол майданда үнсіз күресіп жүрген жауынгердей сезінем...

Рейтинг: Төмен талғам қазақты тойқұмар етіп, қазақтың рухани келбетін той Әні деңгейінде шамалауға, бағалауға ұрындырып, ұйыққа тартып бара жатқан жоқ па?

Роза Әлқожа: Ел болған соң, арасында естісі, есері бар. Дегенмен ол көп қой. Ауылдарға барғанда мендегі жан деген жаңарып қайтады! Қала – қамал! Ол талай кеудені хайуанаттар бағының жануары секілді сезімсіздікке ұрындырады екен. Патшадан бастап бәрімізді жылда жайлауда демалуға жіберу қажет сияқты. Адам табиғаттан алыстаған сайын болмысын өзгертіп, жасанды боп кететіндей көрінеді маған… Бір кінәні телеарналар басшылығына артамын мен. Талғамның төмендеуіне бірден-бір үлес қосып жүрген – солар! Арзан сөз, арзан ән, арзан шоу дегендер елдің ызасын тудырып жатыр. Хит дегенді сылтауратып, кім болса соны насихаттайтын болып жүр. Концерт ұйымдастыратындар да – кім болса солар!

Бір ғана нәрсеге сенем – қазақтың топырағы барда, ұлтымыздың кеудесіндегі цензура бұзылмайды! Ол бәрібір өзінің дарқан даласындай мінезінен, сұлу табиғатындай әндерінен ажырамақ емес.

Рейтинг: Балаларыңа қандай Ән тыңдатасың? Олардың қазақ эстрадасындағы кумирі кім?

Роза Әлқожа: Өздері қалаған музыкасын тыңдайды. Соңғы кезде «Ізін көрем» деп жүр.

Рейтинг: Болашақ туралы не ойлайсың? Қазақ отбасылары қандай құндылықтарды ұстанғаны дұрыс? Қазақ өнері бүгінгі талғамсыздықтан құтыла ала ма?

Роза Әлқожа: Ескінің де, жаңаның да жақсысын алу керек деп санаймын. Балалар ұяда көргенін істейтіні сөзсіз. Сондықтан еңбекке баулу керек. Үйде қонақ күтудегі салт-дәстүрлердің өзі-ақ олардың жадында мәңгі үлгі боп қала алады. Балаларды жақында атамекеніне апарып, әкесінің туған үйін, ауылын көрсеттік. Ата-апасының қазіргі тұрған жеріндегі керемет табиғатты тамашалады. Балаларды тауға, суға жиі апарамыз. Бар мақсатымыз – біздің елдің көрікті жерлерін көрсету. Кеудесіне мақтаныш сезімін ұялату. Топырақтан жаралғанын сезіндіру.

Бар тәрбие отбасынан басталады.Әкенің рөлі, ана қадірі, әулет дегеніміз не, соның бәрін бала титтейінен бағалап өседі. Сол үшін әр адам өзінің біреуге үлгі екенін ұмытпауы қажет. Жақында балалармен бірге барып, жетімдер үйіне сыйлық тапсыртсақ деймін. Жаны ашысын, сезінсін. Өйткені, қала баласы басқаша болады екен. Біз қол еңбегіне үйрету мӘселесінде қиналып жүрміз. Әсіресе ер балаларға істететін жұмыс жоқ.

Сұхбаттасқан- Есей Жеңісұлы

rgmedia.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста