Роза Әлқожа: «Анамыз таққан аппақ орамалды барынша насихаттағымыз келеді!»

Осыдан тура бір жыл бұрын қазақтың әнші қыздарының бірі Роза Әлқожа өзінің жеке кәсібін бастап, қыз-келіншектерге арналған қазақы орамалдар сататын дүкен ашқан болатын. Дүкеннің ашылу салтанатына қатысып, игі бастаманың куәгері болған едік. Енді, міне, бір жылдың ісінде Розаның кәсібі дөңгеленіп, бренд ретінде қалыптасып келе жатқанына көзіміз жетіп отыр. 


Роза Әлқожаның «Мен сыйға тартқан орамал» дүкеніне «Розаның орамалын іздеп келдік» деп арнайы келетін алушылар көбейді. Яғни, бұл Розаның тек жеке кәсібінің тасы өрге домалағаны ғана емес, ұлттық дәстүріміз бен қазақы болмысымыздың насихаты.
Роза Әлқожа, әнші: – «Мен сыйға тартқан орамал» дүкенінің ашылғанына да міне, бір жыл толды. Ешкім ақыл қоспаса да, бизнес жоспарын сызып бермесе де, аз уақытта жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Аллаға шүкір! Бүгінде дүкен еліміздің сегіз қаласында ашылып жатыр. Біздің дүкенімізге келушілер о баста орамалдардың бағасы қымбат екен деп ойлап қалады, кейін бағасының қолжетімді екенін көрген кезде баталарын беріп кетеді.

Тоқырап қалган бір кезде Ахметбек Нұрсила ағамыздан ақыл сұрап барғанбыз. Ол кісінің кеңесімен іздендік, оқыдық. Ең бастысы жақсы менеджер алуға тырыстық Бүгінде Жанар Минажова деген кәсіби менеджер келіп ісіміз дөңгеледі!

Осынау бір жылдық мерекемізді жай ғана атап өтпей, қазақ қыздарының орамалды қаншалықты қадірлейтінін, келіншектердің ақ босаға аттағанда ақ орамалға қаншалықты мән беретінін білу мақсатында "АҚ ОРАМАЛ АРУЫ" атты байқау ұйымдастырып отырмыз.

Алғаш рер ұйымдастырылып отырған байқауға 40 жасқа дейінгі қыз-келіншектер қатыса алады. Бастысы, орамал арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеп, үлгілі қазақ әйелінің образын көрсетуге ынталы болса болғаны. Алғашқы кезеңде қатысушылар сахнада өздерін таныстырады. Артынша өз өнерін көрсетіп, орамалды қалай дәріптейтіндіктерін байқатады. Ал соңғы, төртінші кезеңде қойылған сұрақтарға жауап береді. Жеңімпазға бағалы сыйлықтар ұсынылады.

«Тәуекел деп іске кірістік, ендеше орамалдың киесін қадір тұтайық, бірге насихаттайық, құрметті қауым» дейді әнші. Розаның айтуынша, келесі жылы байқау бұдан да ауқымдырақ болмақ. 

Құрметті Алматы тұрғындары және қала қонақтары сіздерді 1 ші қазан күні "МЕН СЫЙҒА ТАРТҚАН ОРАМАЛ" дүкеніне 1 жыл толуына орай орамалды дәріптеу мақсатында өтетін #OramalCLUB жәнеwww.aqoramal.kz сайты ұйымдастырған "АҚ ОРАМАЛ АРУЫ" атты арулар байқауын тамашалауға шақырамыз!!!
Кешімізді эстрадамыздың жарық жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа және белгілі тележүргізуші Мадина Балғабаева жүргізеді.
Кеш қонақтары:
МЕРУЕРТ ӨТЕКЕШОВА
Майра Ілиясова
Айнұр Тұрсынбаева
Серік Ибрагимов
Ардақ Елекешов
Гүлнұр Өмірбаева
Бейсен Құранбек
Алтынбек Рахметов
Ғалия Өзбекбайқызы
Жарас Сәрсек
Бақыт Беделхан
Мұхит Сапарбаев
Мекен жайымыз: Қазақстан қонақ үйі "Алтын емел" залы
Басталуы сағ 10:00
КІРУ ТЕГІН!
Келіңіздер көріңіздер! АҚ ОРАМАЛ АРУЫН БІРГЕ ТАҢДАЙЫҚ!

 

Айнұр СЕНБАЕВА

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста