Белгілі ақын, асаба, көптеген хит әндердің авторы Құрманай Бақтиярқызы өнері мен өмірі жайлы сыр шертті. Еш жерде айтылмаған құпиясын айтты. Үш рет тұрмысқа шыққан ақын әйел төртінші рет отау құруға дайын ба?
Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасындай айтылды.
Құрманай Бақтиярқызы көпшіліктің ықыласына бөленген бірнеше әннің авторы. Атап айтсақ, Асқар Жүнісбековтың орындауындағы "Толғанай", Серік Ибрагимовтың "Вокзалда қауышқан қыз", "Жаяу", "Алау" тобының орындауындағы "Гүл әпше", Кәмшат Жолдыбаеваның "Сүйіктім", Алтына Жорабаеваның "Ух, ах, ох, пах" әндеріне т.б. әндерге сөз жазған.
Бүгінде үш баланың анасы. Ақын әйел алғаш 18 жасында тұрмыс құрып, 19 жасында ана атанған. Ханшайым, Толғанай есімді екі қызы бар.
"Алғаш сезімнің не екенін білмей жүрген кездері тұрмыс құрдым. Неке сәтсіз болды. Екінші рет біреудің жалғыз баласына, бұрын үйленбеген жігітке тұрмысқа шықтым. Екінші қызымды өмірге әкелгенде жолдасым "Ел айтып жатыр, мұның әкесі мен емес екенмін" деді. Сол біз сөзге бола кетіп қалдым. Оған ешнәрсені дәлелдеген де емеспін. Маған сенбеген адамға нені дәлелдеймін. Қазір қызымен жақсы араласады. Бірақ обалы тиді ме, қазір басқа баласы жоқ", - деді Бақтиярқызы.
Үшінші рет Құрманай Бақтиярқызы өзінен 12 жас кіші жігітке тұрмысқа шықты.
"Ол кезде өзінен жас жігітке тұрмысқа шығу сұмдық жайт болатын, қазір үйреншікті. Бәрі сын айтты. Мені жас жігітке құмар деп қаралап жатты. Мен ол кезде 33 жаста едім. Өмірге ұл бала әкелуді армандадым. Арманып орындалып, үшінші некеде ұлымыз өмірге келді, - деді ақын.
Бүгінде басы бос. Төртінші рет тұрмысқа шыға ма, жоқ па - ол уақыттың еншісінде.