Қызылжарда «Абылай хан тарихы» атты үш томдық ғылыми жинақ жарық көрді

Қызылжарда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қозыбаев университетінің профессоры, академик Зарқын Тайшыбайдың «Абылай хан тарихы» атты үш томдық ғылыми жинақтың тұсауы кесілді. Тарихи кітапта ұлы тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты тың деректер жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 
Соңғы 10 жылда абылайтану мәселелерімен үзбей айналысқан академик, еліміздің мерзімді баспасөздеріне, электронды ақпарат көздері арқылы 300-ге тарта ғылыми мақала жариялады. Абылай ханның өмірі мен қызметіне байланысты Ресей және Қытай мемлекеттік архивтерінен тың деректер тапты, оларды ғылыми талаптарға сай салмақты тақырыптарды саралады.

«Бұл кітапты жарыққа шығару үшін 30 жылға жуық еңбектендім. Абылай ханға қатысты тарихты жан-жақты зерттедім. Әрбір қазақтың жүрегінде 300 жыл бойы жарқырап тұрған Абылай ханның бейнесі бар. Менің мақсатым Абылай сұлтанның өмір жылдары туралы екі ғасыр бойы жаңсақ қабылданып келген мәліметтерді нақтылау. Абылайдың өміріне байланысты зерттеу еңбектері мен шежіресі осы 3 томға жинақталған», - дейді профессор Зарқын Тайшыбай.
Кітапқа тарихи оқиғалар жөнінде XIX ғасырдың басынан бері, осы уақытқа дейін жарық көрген кеңес зерттеушілерінің пікірлері қайта қаралып, ғылыми тұрғыда түзету енгізілген. Абылай ханның кезеңін қамтитын 1 мыңнан аса құжат қолданылған.

«Қазақ халқының ұлы ханы, тәуелсіздікті қамтамасыз еткен Абылай туралы жарық көрген үлкен еңбекке куә болып отырмыз. Абылай туралы құжаттар баршылық. Бұл жарық көріп отырған 3 томдықта Абылай хан туралы ресми деректердің ең құндылары рет-ретімен жүйелі түрде топтастырылған. Бұл ретте автор Зарқын ағаның еңбегі өлшеусіз», - деді «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің» директоры Сәуле Мәлікова.
Ғылыми еңбекте Абылайдың ерліктері, мемлекет қайраткері ретіндегі қызметі оның кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және  сыртқы саясатын тұңғыш рет жан-жақты ғылыми зерттеу нысаны ретінде алынып, жазба құжаттар негізінде салыстырылып талданған. Абылай ханның өмірі мен қызметіне арналған құжаттар жинағы алғаш рет 2000 дана болып басылып шыққан. Айта кетейік, бұл үш томдық еңбек қазақ тарихында тұңғыш рет шығып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста