Қызылорда аруы: “Барлық жерде интим ұсынады”
Желіде қыздың қалалық кафелердің бірінің ас үйінде жұмыс істеп, сарымсақ тазалап, ыдыс жуған видеосы пайда болды.
 
Кадр сыртындағы дауыс бұл Қызылорда аруы-2017 Гүлнұр Нұртаза екенін айтады. Сонымен қатар, ол өзінің бұрынғы мисс екенін және қазір осындай жағдайда жұмыс істейтінін жоққа шығармайды.
 
 
Гүлнардың таныстары хабарлағандай, оның тұрмыстық жағдайы нашар. 19 жастағы қыздың ата-анасы қайтыс болған, қазір өзін-өзі қамтамасыз етуге мәжбүр.
 
 
Сұлулық біреуге табысқа жетуге көмектесетін болса, Гүлнұрдың келбеті тек қосымша қиындықтар туғызып жатыр. Әйел бастықтар оны күйеулерін алып кетеді деп қорқып, жұмысқа алмайды. Гүлнұр қайда барса да ер адамдар бірден интим ұсынады. Бірақ видеода көріп отырғаныңыздай, қыз өзі үшін өмірдегі басқа жолды таңдады &mdash қиын, бірақ адал.
 
 
Естеріңізге сала кетейік, Нұртаза Гүлнұр &ldquoҚызылорда аруы &ndash 2017&rdquo атағын жеңіп алған болатын. Екі жылдан кейін ол жыл сайынғы &ldquoҚазақстан аруы&rdquo ұлттық байқауына қатысты.