Келінжан” сериалындағы Айсара рөлімен танымал болған Дариға Бадықова не себепті күйеуінің көпшілік алдына жиі шықпайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz.
Оқырманның: “Күйеуіңізді неге жиі көрсетпейсіз?” деген сауалына актриса: “Шынымды айтсам, күйеуім әдемі жігіт. Көз тиеді. Бақыт тыныштықты жақсы көреді. Жыртыңдап сала бергім келмейді. Бойшаң, көзі үлкен ер жігіттерді іздеуші едім, сұрағанға берді, шүкір”, – деп жауап берді.
“Күйеуіңіз қызғанбай ма?” деген оқырман сұрағы да жауапсыз қалмады. Дариға ондай дүниемен бас ауыртпайтын көрінеді.
“Жоға, қызғанышына қарап отыратын уақыт жоқ”, – деп қысқа қайырды.