Қызғалдақ – қазақылықтың нышаны

Бүгін Алматыда «Қызғал­дақтың отаны – Қазақстан» республикалық байқауы қорытындыланады. Сәуір-мамыр айлары аралығында өткізілген фестиваль еліміздің Қоршаған ортаны қорғау, Білім және ғылым министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Республикалық деңгейде тұңғыш рет өткен байқауға мұрындық болған тағы бір ұйым «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаеваның айтуынша, фес­тивальді өткізудегі басты мақсат – өскелең ұрпақты экологияны сақтауға, «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерді күтіп-баптауға тәрбиелеу. «Еліміздің бай­тақ даласында алуан түрлі өсімдік өседі. Олардың ішіндегі ең көп тарағаны әрі әдеміліктің нышаны саналатын қыз­ғалдақ болғандықтан, шараны осы өсім­діктің атымен атауды жөн санадық», – дейді ол. Жарысқа қатысушылар шама­ларына қарай қызғалдақтың қа­сиеті мен түрлерін сурет, көркем шы­ғарма және жыр жолдары арқылы жеткізген. Байқауға республиканың әр аймағынан мыңға жуық мектеп оқушысы қатысыпты. Үміткерлердің жұмыстарын қа­ла­лық әкімшілік қызметкерлері, мем­лекет­тік ұлттық  табиғат бақтарының, Бірік­кен Ұлттар Ұйымының өкілдері қада­ғалап, жеңімпаздарды анықтайды. Әлемнің көп­теген мемлекетінде сол елдің мәдениетін көрсетіп тұратын өсім­діктер бар. Мәселен, Жапонияда – сакура, Үндістанда – лотос. Ұйым­дастырушылардың пікірінше, біздің атамекенімізде мұндай атқа қызғалдақ гүлі әбден лайық. Республикамызда оның отыздан астам түрі өседі екен. Табиғатты сақтауда өзіндік пайдасы бар байқау келе­шекте де жалғасын таппақ.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста