Қыздардың құрығына ілінбей жүрген "жұлдызды" бойдақтар

Олар жайлы бәрі айтады, таң қалады және тек игі істер күтеді. Жас, әдемі, талантты, ақылды, бойдақ…Ең бастысы, әрбір қыздың арманы.

Pandaland.kz порталы жұрт назарындағы бес бойдақтың есімін жариялады.

 


1. Асхат Мырзабаев. Жақында 25 жастағы қазақ жігіті Ұлыбританиядағы Barclays ірі банк тобында жарты жыл қызмет етіп тапқан 2 млн АҚШ доллары көлеміндегі табысын қатерлі ісікке қарсы халықаралық орталыққа аударып, жұртты таң қалдырды.

«Тапқан табысымды қайырымдылық шарасына аударуыма басты себеп – науқастарға қолұшын беру. Сондай-ақ, әлемдік проблема рак, онкология дертіне шалдыққан науқастарды емдеуге көмектесу. Өзімнің нағашы апам сол жаман аурудан қайтыс болған. Бір жағынан осы жағдайда қайырымдылық жасауға түрткі болды», — дейді Асхат Мырзабаев.

21 жасында Асхат Twitter компаниясының шақыруымен Сан-Францискоға кеткен. Ол бір сұхбатында байлыққа қызықпайтынын айтқан болатын:

«Менің Твиттерге арналған көп жобаларым Қазақстанда жасалды. Дегенмен, мені елде ештеңе ұстап тұрған жоқ. Менің көлігім де, жеке үйім де жоқ. Үй сатып алмауымның себебі – 30 жасқа дейін мобильді болғым келеді. Мен елдерге бірін «көкелер» шешпейтінін түсіндіргім келеді», — дейді жас жігіт.

2. Жас әрі өнерлі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қазақстандық қыздардың арманы. Оның марапаттары мен медальдарын санау мүмкін емес. «Талантты адам барлық істе де талантты» – бұл оған арналған сөздер. Денис музыкалық мектепте фортепиано сыныбында оқыған және хорда ән айтқан. Сонымен қатар, ол Корея елінде танымал болған Мин Гын Хо атты империя генералының ұрпағы. Ол өзіне Қазақстанды бүкіл әлем танитынына уәде берген.

Денис көптеген қайырымдылық акцияларына қатысады. Ол 2011 жылы Японияда болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу мақсатында құрылған «Skating Friends Support Japan» жобасының белсенді мүшесі болған. 2013 жылы спортшы Астанадағы SOS балалар мекені мен Алматыдағы мектеп-интернаттарға жиі барып, көмектесіп тұрған.

 


3. Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауының жеңімпазы атанған кезде барлық қыздар «неткен дауыс» деп іштей таң қалғаны сөзсіз. Сонымен қатар, бойдақ әрі өте көрікті. Димаштың сұлу келбетінің арғы жағында керемет жандүниесі жасырынып тұр. Ол өте еңбекқор. Конкурсқа да керемет әндер таңдаған. Жас өнерпаз осыған дейін де бірнеше халықаралық байқауларда бақ сынаған. 2012 жылы «Шығыс базары» конкурсында бірінші орын алған. Артынша бір жылдан соң «Мейкин Азия» халықаралық фестивалінің жеңімпазы атанған.

 


4. Әнші Али Оқапов та әлі күнге бойдақтар қатарында. Анасы Роза Рымбаева бір сұхбатында апа болуға дайын екенін жеткізген болатын. Алайда баласы асығар емес. Үлгілі отбасынан шыққан әншінің жүрегі кімге бұйырар екен? Бәрі уақыттың еншісінде.

 

 

5. Актер Ануар Нұрпеисов те армандаған сүйіктісін таппаған көрінеді. Бірақ, ол бірнеше рет іздеп табуға тырысқан еді. Тіпті, қалыңдық таңдау шоуларына қатысқан болатын. Бәрібір нәтиже шықпады. Ануар сонда да берілмей, іздеу үстінде.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста