Қыз Жібек пен Төлегенге ескерткіш қойылды

Қыз Жібек пен Төлегенге ескерткіш қойылды

Қызылорда облысы Арал ауданының орталығында қазақтың махаббат символына айналған тұлғалары – Қыз Жібек пен Төлегенге арнап ескерткіш қойылды. Осылайша ғашықтар эпосының кейіпкерлері жергілікті жұрттың көзайымына айналып отыр.
Ескінің шежіресін жатқа соғатын құй­мақұлақ қарттардың әңгімесіне қарағанда, атақты эпосқа арқау болған оқиға Арал өңірінен басталған екен. Одан әрі Еділ мен Жайық өңірінде жалғасын тапқан махаббат дастаны қай қазақтың да жүрегіне жол тапты. Жағалбайлы мен шекті руларының арасында өрбіген тарихи туындыға қойылған ескерткіш жас жұбайлардың құрмет тұтатын орнына айналары анық.
Соңғы жылдары дәстүрге айналған «Арал күндері» аясында ескерткіштің ашылу салтанатына «Қыз Жібек» фильмінде бас рөлдерді сомдаған ерлі-зайыпты өнер иелері Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова да арнайы келді. Олар ізгі іске ризашылығын білдірді.
Құман Тастанбеков, Төлеген рөлін сомдаушы актер:
– Игілікті іс барша қазақтың қуа­нышына айналып отыр деуге негіз бар. Біз бұрын­дары өткенімізді бағалай алмай келдік. Қазір барлығын баға­лауға жол ашылып отыр.
Аталмыш туындыны жасауға аудандық бюджеттен 27 млн теңге шамасында қаржы қаралды. Ескерткішті «Көш-керуен» ЖШС атқарып шықты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста