Қыз етегін түргеніміз не еткеніміз?!

Қыз етегін түргеніміз не еткеніміз?!

Бүгінгі заман қазағы бір-бірімен білім жию, өре өсіру жағынан емес, той жасау, жабдық өткізу бәсекесінен алдына жан салмай барады.
Бәрімізге «Ойбай, пәленше тойына Алматыдан әртіс шақырыпты», «Қарағандыдан 3 мың долларға асаба жалдапты», «Семейден 200 мыңға биші шақыртыпты», «Астанадан 4 асаба келіп кезек басқарды» деген дақпырт шаңырақ құрушы жастардың бақытынан гөрі қымбатырақ болып тұр.
Бір-бірімізден мақтанымызды асыру үшін түн ұйқымыз төрт бөлініп, «тойыма қандай жаңалық енгізсем екен» деп дал боламыз.
Бұрынғы тойларда «тойбастар» деген болмайтыны естеріңізде болар. Бастапқыда шағын табақпен дәстүрімізге енген «тойбастар» енді түрлі-түрлі қуыршақ, киіз үй, түйе кейпіне еніп, бәсекенің базарын қыздыра түсті. «Тойбастар» болмай қалса, тойымыз басталмай, жайрап қалатындай көріп, «ұят емес пе» десеміз. Жұрттан қалыспай, қайтсек те аламыз.
«Тойбастар» бүгінгі саудагерлердің бизнесін де қыздырып тұр. Мұны айтқанда біз «тойбастарға» қарсы екен деп қалмаңыз. Мүлде олай емес. Біз тек «тойбастардың» түр-түрін көргенде түрпідей тиген мына бір оғаштықты атамақпыз.
...Бір тойда ортаға «тойбастар» ретінде әп-әдемі, бойы биік, бүрмелі етек көйлегі бар, «таза қазақ» қуыршақ әкелінді. Жұрттың көңілі «тойбастарға» таратылатын ұсақ-түйекте емес, әлгі әсем қуыршақта. Мәссаған! «Тойбастар» бұйымдарын үлестірер кез келгенде, қонақтардың бірі әлгі қуыршақтың етегін түріп кеп жіберіп, «қарнын» ақтаруға кірісті. Өте өрескел көрініс! Бұл сырт көзге қуыршақ кейпіндегі қазақ қызын абыройынан жұрдай ету сияқты әсер етеді екен.
Абай атамыздың «Әннің де естісі бар, есері бар» дегеніндей, жаңалықтың да естісі мен есері болады. «Бояушы, бояушы дегенге сақалымызды бояй» бермей, әр нәрсеге сын көзбен қарай білейік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста