Әнші осыдан санаулы күн бұрын Қытайға шығармашылық сапарға аттанған болатын. Жергілікті қандастар әншіні әуежайдан ерекше күтіп алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.
Жүрген жерінен түрлі бейнежазба жүктеп отыруды әдетке айналдырған өнер иесі өзін күтіп алған сәтті желіге жүктеген.
Үрімжі және Құлжа қалаларында кеш беріп, көпшіліктің көңілін көтерген ол гүлдің астында қалды. Парқшасына салған суреттерінен қос өңірде өткен кешке қыздардың көп жиналғанын аңғаруға болады.
Бұл көрініске қызыққан әзілкеш Қанат Әлжаппаров: «Рахат-ай!» деп таңданысын жеткізсе, әншінің өзге жазылушылары «Залдағы көрерменнің 90 пайызы қыздар екен», «Қытайдың қыздары ауыздарын ашып қалыпты. Біразының жүрегін жаралап кеттің-ау», «Сұлуларды қуантып қойыпсыз ғой», «Нұрбуллин от қой» деп жазды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz