Қытайдағы Қазақ радиосының ауқымы кең

Әлемде 16 млн қазақ бар десек, соның 6 миллионы шетелдерде тұрады. Ал көршілес Қытайда соңғы дерек бойынша 1,5 миллиондай қандасымыз бар екен. Өзге елде жүріп-ақ «қазақ» атын шығарып, еңбек етіп жүрген бауырларымыз қаншама. Солардың бірі – 40 жылдан бері Шыңжаңдағы Қазақ радиосының әуе толқыны арқылы әлем жұртшылығына әдемі үнімен хабар таратып келе жатқан әйгілі диктор Жібек Базарбайқызы. Дикторлық өнерді зерттеп, сабақ беріп жүрген апайымыз сан жылғы еңбегін тоғыстырып, кітап етіп шығару мақсатымен Алматыға келген екен. Ата-бабасының туған топырағына келген қазақ қызын әңгімеге тартуды жөн көрдік.

– Қазақ еліне кітабыңызды шығару үшін келген екенсіз. Дикторлық мамандығын зерттеуіңізге не себеп болды?
– Біз өзіміздің мамандығымызды «дыбысты тілмен бейнелеу» дейміз. Қазақ тілінің дикторлықтағы маңызын зерттеумен шұғылдандым. Бұл кітаптың бір бөлімінде тіл ғылымы мен дикторлықтың байланысын қарастырдым. Көптеген адам ана тіліне жетік болмаса, үндестік заңын (сингармо­низм) түсіне бермейді. Жақсы нормаға түскен өлшемді сөйлей алмайды. Сондық­тан біз қазақ тілінің үндестік заңын, фонетикасын, сөйлем құраудың логикалық байланыстарын жете түсінуіміз керек. Дикторлық та – мамандық. Өзіңнің сөйлеп тұрған мәтініңді тыңдарманға қалай таза тілмен жеткізу керектігіне ыждаһаттықпен мұқият ой жүгірту керек. Адам баласы сұлу келбетті, сұлу табиғатты, сұлу жырды жақсы көреді. Сол сияқты сіз әдемі даусы­ңызбен жанды тебірентіп оқып отырсаңыз, тыңдарман сүйіп тыңдайды. Әдемі дауыс­пен бірге қазақтың саф тілімен сөйлейтін шеберлік болуы керек.
– Бір бөлімі ғана дикторлыққа арналған деп қалдыңыз. Қалған бөлімдерінде не туралы жазған едіңіз?
– Екінші бөлім қазақтың этнография­сына қатысты. 1500 жылы шыққан «Шипа­герлік баян» деген медицина ғылымына қатысты Өтейбойдақ деген бабамыздың кітабы бар екен.  Бір медицинаны негіз етіп, түрлі ғылымды зерттеген. 500 жыл бойы ұрпақтары тығып тастап, 1994 жылы үкімет­ке тапсырған. Қалың кітапты төрт қайтара оқыдым. Сол кітап жөніндегі зерттеулерім жазылған. Үшінші бөлімге Үрімжідегі Гоминдан түрмесінде жеті жыл жатқан өте талантты ақын Таңжарық Жол­дыұлының шығармашылығын арқау еттім. Таңжарық Қой­дым­мен, Нұриләмен, Баймағамбетпен айтысқан әрі жазба, әрі айтыс ақыны бол­ған. Дикторлықпен қатар  журналистиканы да алып жүргендіктен, түрлі өнер адамдары­мен жүргізген сұхбат­тарым да осы кітапқа енбек.
– Дикторлардан кімдерді үлгі тұттыңыз?
– 1972 жылы орталау мектепті бітіргеннен кейін дикторлыққа кірістім. Белгілі біреуден сабақ алған жоқпыз. Алдымыздағы Мұратбек Есебаев, Хайни­камал, Гүлайша деген дикторларды естіп, үлгі алдық. Өз басым, негізінен, Алматы радио­сын тыңдап, Қазақстан дикторлары­нан көп нәрсені үйрендім. Мен сөздің оқы­лу мәселесіне көп көңіл бөлдім. Әсіресе Сауық Жақановаға еліктедім. Әнуарбек Байжанбаев сынды дикторлар қазір жоқ. Ол буын – ана тілінің уызына жарыған, сауатты адамдар. Қазір қазақ радиосын тыңдап отырсам, жастардың көбі сингар­монизм заңын біліңкіремейтін сияқты. Сауық, Әнуарбектердің өресіндегідей дик­торларды ести алмадым. Бәлкім, мен дұрыс ­тыңдамай, мән бермеген шығармын. Ал телевизия саласында жақсы сөйлеп, жақсы жүргізетін дикторлар бар екенін көріп, қуандым.
– Дәрістеріңізді қайда оқисыз?
–  Қытайдың Радиотелевизия инсти­тутында дикторлыққа тәрбиелейтін бір қазақ сыныбы бар. Сонда көп жылдан бері сабақ беремін.
– Шыңжаңдағы қазақ радиосының ауқымы қандай?
– Радиомыз спутниктік желімен әлемге тарайды. Астана мен Алматыда тыңдалады. Қырық шақты қызметкер жұмыс істейді. 2000 жылдың басынан бастап эфирге 18 сағаттан шығамыз. Хабарларымыз көбіне тікелей тарайды. Аудан, ауылдарға барып, жетістіктерін, жаңалықтарын журналистер берер болса, сол әңгіме төте таратыла береді. Мемлекет жылына 13 млрд юань бөледі. Шыңжаң басшылығы да қосымша қаражат береді.
– Қазақстандық мерзімді басылымдарды оқып тұрасыздар ма?
– Өзіміз алдыртып оқимыз. Бұрын Қазақ радиосына «Парасат» журналы ба­рып тұратын еді. Қазір неге екенін білмедім, тоқтап қалды. Ал Қазақстанда шыққан кітаптар мен журнал-газеттерді алдыртып  не келгенде сатып алып кетеміз.
– Отбасыңыз туралы айтсаңыз...
– Жолдасым Жармұхамет Шаяхметұлы Қазақ радиосының аға редакторы, жур­налист. Тұңғышым Надира – Шыңжаңдағы қазақ телевизиясының дикторы. Ұлым Тасқын – Қазақстанға келіп консервато­рия­да білім алған, симфониялық, ұлт-ас­паптар оркестріне жазып жүрген жас ком­позитор.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста