Қырым татарлары кімдер?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Қырым татарлары — түркі тілдес ұлттар қатарына кіреді. Қырым хандығы кезінде Қырым түбегін (қазіргі Украина құрамына кіреді) мекендеген байырғы халық. Қазіргі уақытта, қырым татарлары Украинадан бөлек Болгария, Румыния, Түркия мен қазақ елінде тұрады. Ол халық Сталин режимі кезінде Қырымнан Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстан мен Оралға күштеп жер аударылған-тын. Ал 1957 жылға дейін оларды тіптен жеке халық ретінде атауға тыйым салынған еді. Тек өткен ғасырдың 1990-шы жылдары ғана 200 мыңдай Қырым татарлары атамекеніне қайтып оралған екен. Қырым татарлары өнер, салт-дәстүр мен ауыз әдебиетіне өте бай халық. Қырым татарларының ұлттық музыкасы мен тұрмыс-тіршілігі қыпшаққа ұқсас болып келеді. 
Осы орайда, бүгінгі Украинаның оңтүстігінде орналасқан Қырымның бізге қандай ұқсастығы бар деген заңды сауал туындайтыны сөзсіз. Ең алдымен Қырым деген сөздің өзі түркі тілінде «таулы қырат» деген мағынаны білдіретіндігі. Одан бөлек Қырымда түркі тілінде айтылатын жер-су атауларының жиі кездесетіндігі. Нақтырақ айтқанда, Аюдаг, Карадаг, Чатырдаг, Коктебел, Узунлар, Джанкой, Салгир, Карасубазар, Биюк Карасу, Ески Крым, Саки мен Бақшасарайдың мағынасы  біз үшін түсінікті. Қырымдықтар айтып жүрген “яйла” деген сөз қазақ тілінде “жайлау” деген мағынаны білдіреді. Қазіргі Қырымда негізінен қырым татарлары, қырымшақ, қарайым, украиндар, орыстар мен ноғайлар тұрады. Солардың ішінде ноғайлар қазаққа тілі мен менталитеті жағынан өте ұқсас болып келетіні белгілі. Қазақ пен ноғай тілдерінде өзіндік диалектілері болмаса, айтарлықтай айырмашылық жоқ. Ноғайлар түркі тобының қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа қазақ, қарақалпақ, балқар, қарашай кірсе, ал қырым татарлары мен қарайымдар түркі тобының оғыз тармағына кіреді. Ноғайлар негізінен Қырымның солтүстік далалы аймақтарын мекен етсе, ал қырым татарлары орталық және оңтүстік жағалауларын жайлаған. Украинаның статистикалық мәліметтерінде ноғайларды қырым татарлары халқының этникалық тобына жатқызады. Себебі, ноғайлар аз халық болмағандықтан туысқан қырым татарларына сіңіп кеткен. Қырым татарлары үш этникалық топқа бөлінеді: далалы қырымда – ноғайлар, орталық таулы қырымда – таттар, ал оңтүстік жағалауда – ялыбойлылар. Міне сол халықтар кезінде Қырым хандығы күшейіп тұрған шағында Киевке бақылау жүргізіп, кей мәселелер бойынша Мәскеуді де өзіне тәуелді еткен. 
Берекет БАҚЫТЖАНҰЛЫ, тарих ғылымының докторы, профессор:
–Бүгінгі Мәскеудің Мәскеу болып қалыптасуына басқа басқа байырғы қырымдықтардың еңбегі көбірек сіңді деп айтсақ артық айтқандық емес. Олай дейтінім, Қырым хандығын Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Қажыгерей басқарған тұста өзінің дербес әскері жасақталып, билік құрылымы толықтай қалыптасып үлгерген болатын. Қырым хандығы Алтын Орда мемлекеті құрамында болған уақытта төңірегіндегі халықтарға саяси, әскері, әлеуметтік-экономикалық жағынан ықпалы өте күшті болған. Ол кезде іргедегі Киевті айтпағанда, Мәскеудің өзі Қырым хандығына Сібір, Литва және Шығыс Еуропаның кейбір мемлекеттерімен дипломатиялық, һәм сауда-саттық жасауда тәуелді де болды. Кейін Алтын Орда мемлекетін басқарып тұрғандар арасында билікке таласу басталғанда Қырым хандығы біртіндеп әлсірей бастайды. Жылдар бойы Қырымның оңтүстік-шығысындағы Севастополь секілді ірі сауда-саттық порттарын пайдаланған орыстар экономикалық жағынан күшейіп алады да, Қырым жеріне еніп, 1782-1783-ші жылдары түріктер мен арада болған соғыста жеңіске жетеді. Орыстар сол жеңістен кейін Қырымды бақылауға алған. Қырымдықтарға ең ауыр соққы болып тигені - Сталиннің 1944 жылы оларды туған жерлерінен жер аударып жіберуі болды.

Кезінде айбарлы мемлекет болған Ноғай ордасы Қазақстанның батысы, Еділ мен Жайық өзендері және Азов теңізі аралығын жайлағанын біреу білсе біреу білмейді. Қазақ пен ноғайдың туысқан халық екені туралы Шоқан Уәлиханов өз еңбектерінде талай мәрте жазған. Қазақтың ортағасырлық әдебиетінде ноғайлы дәуірінің жырлары да бар. Мәселен, Едіге, Қырымның қырық батыры, Ер Тарғын мен Қобыланды жырлары екі халыққа да ортақ болып есептеледі. Сондықтан бұл екі халықты бөле-жарып қарауға негіз де жоқ. Себебі, қазақпен қатар ноғайда да арғын, қыпшақ, қоңырат, алшын, тама, табын, керей мен жалайыр руы бар. Доспамбет, Асан қайғы, Қазтуған, Сыпыра мен Мұрын жыраулар да екі халыққа ортақ тұлға екені белгілі. Бірақ кейіннен қазақ пен ноғайдың бөлінгендігін айғақтайтын сөздер “Ел айырылған” атты эпостық жырда шумақ-шумақ болып келтірілген. “Қазақтың қызын қырымға, ұлын ұрымға” деген нақыл сөз осыдан қалса керек.
Өз заманында Қазтуған жырау "қайран менің Еділім" – деп еңіреп өтсе, ал Доспанбет жырау "Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап" – деп жырлаған. Тарихшы-ғалымдар сол Доспанбеттің де, Қазтуғанның да жырында кездесетін «Еділ» сөзі бүгінгі Қырымды меңзегенін айтуда. Олай деуге себеп те жоқ емес. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы бола жүріп, Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқаны тарихтан белгілі. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.). Доспамбет жыраудың осы өлең жолдары ертеректе М.Османовтың “Ноғай уа құмық шығырлары” жинағында, кейін В.В. Радловтың “Халық әдебиетінің үлгілері” шығармасына арқау болған.
Географ-ғалым Ементай Аманжоловтың айтуынша, Қырымның топонимикасында да түркі тіліндегі атаулар жиі кездеседі екен. Соның ішінде түркітілдес халықтардың этнонимдері, ру-тайпалар атаулары жиі ұшырасады. Қырым даласында улу аргын – ұлы арғын, Джага кыпчак – Жаға Қыпшақ, конграт – қоңырат, джалаир – жалайыр, Ени Найман – Жаңа Найман, Бешуйли – Бесүйлі, Алач – Алаш, Дулат – Дулат, үйшун – үйсін, кошай – қосай, орманчи – орманшы, табун – табын, кирей – керей, алчин – алшын, қамбар – қамбар, абаклы – абақ, ачамайлы – ашамайлы, джанай – жанай, мин – мың, кушчи – көші дегенді білдірсе керек. Бұл этнонимдер елді-мекен, көл, жер-су атауларында да кездеседі. Бұл аталған ру атаулары Қырым татарлары, ноғай тілдерінің ыңғайына орай өзгеріске ұшыраған. Моңғол шапқыншылығы кезінде Қырымға ноғайлардың құрамында қыпшақ, арғын, тағы басқа тайпаларының топтары қоныстанған. Сол атаулар бұрмаланып, өзгеріске ұшыраса да, осы күнге дейін жеткені айдан анық. Сонымен қатар түркі тіліндегі Балклава – Балықлаба, Дениз – Теңіз, Эчкидаг – Ешкітау, Чатырдаг – Шатыртау, Карадаг – Қаратау, Ұзунлар – Ұзындар, Бешуй – Бесүй, Биюккарасу – Биік қарасу, Демирджи – Темірші, Кучук карасу – Күшік Қарасу, Кырк – Қырық, Коктебел – Көктебел, Караулоба – Қарауыл оба, Карасу базар – Қарасубазар. Салгир – Салғыр, Дегирмен – Диірмен, Мойнак – Мойнак, Бахчи элибақша елі, Джанкой – Жан қой, Булганак – Бұлғанақ, Казантип – Қазантүп, Чокурча-Шұқырша шұқыр, Уйшунь – Үйсін, Акташ – Ақтас, Акяр – Ақжар, Атбаш – Атбас, Тобечик – Төбешік, Ачи – Ащы, Терекли – Теректі сынды атаулар жиі ұшырасады. Қырым тарихындағы халқымызға байланысты деректер топонимикалық атаулар әлі толық зерттелмеген екен.
Шоқан Уәлиханов қазақ тарихында екі туысқан орда – қазақ пен ноғай бір халық болып күн кешкен кез қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман еді деп те баға берген екен. Қырымдағы қазақтар саны шамамен екі мыңдай. Одан бөлек Қырымдаға жалпы халықтың 52 пайызын орыстар құраса, 25 пайызын украиндар, ал 12 пайыз қырым татарларының үлесінде.

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста