Қылыш қорғанының құпиясы ашылды

Атыраулық археологтер Қылыш қорғанына қазба жұмыстарын жүргізу кезінде Сармат тайпасына тиесілі бағалы бұйымдарды тапты. Облыстық тарихи өлкетану мұражайының археология-ғылыми зерттеу бөлімі 20 күнгі жұмысының нәтижесінде алтын, күміс, қоладан жасалған 65 жәдігерді жер астынан аршып алды. 1 млн 500 мың теңге жұмсалған бұл жұмысқа мұражайдың 12 қызметкері қатысқан.
Облыстық тарихи өлкетану мұражайы­ның директоры Серік Мұхамбетовтің айтуынша, Қылыш қорғаны 2008 жылы анық­талған екен. Тарихи деректерде бұл қорғанды б.з.д. III – б.з. IV ғасырларда Аты­рау жерінде өмір сүрген сармат тайпалары тұрғызғаны туралы жазылады. Қор­ғанның биіктігі – 3 метр, ені – 14,15 метр, жал­пы көлемі 145 метрді құрайды екен. «Атырау облыстық тарих және археология» орталығы қазба жұмыстарын жүргіз­бес бұрын Қылыш қорғанының маңына барлау жасапты. Нәтижесінде, бұл жерден төрт нысан табылып, оның бәрін жинақ­тап, Қылыш қорғандар тобы деген атау берілген.
Археологиялық топтың жетекшісі Қанат Құдабай алғашқы қазба жұмыстары Қылыш II қорғанында жүргізілгенін айтады. Бұл жерден әйел адамның сүйегі та­былған. – «Сүйектің сол жақ төсінің тұсы­нан ақық тастан жасалған көзі бар күміс сақи­на мен қара моншақ, сол қолы­ның білек тұсынан күміс қаңылтырға қонды­рылған тістен жасалған алқа, кеудесінен жамбасына дейінгі аралықта алтын жалатылған жапсырма, күміс жапсырмалар мен ілгектер, бел тұсынан былғары мен мата қал­ды­ғы және күмістелген екі белдік тоғасы табылды. Кіндігінің тұсына сыртқы жақ бетінде айдаһардың суреті бар қола айна қойылған. Сондай-ақ алтын жалатылған жапсырмалар, күміс жапсырмалар мен іл­гек­тері бар белдік те шықты. Өрнектелген қола қазан да табылды», – дейді топ жетекшісі Қ.Құдабай.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста