Қыдырәлі Болманов Королева Виктория сыйлығын алды

Қыдырәлі Болманов Королева Виктория сыйлығын алды

Қарашаның қоңырқай күндері қазақ топырағына түу Тұманды Альбионнан күтпеген қуанышты хабар жетті. Қазақтың белгілі продю­сері, әнші Қыдырәлі Болманов Ұлы­бри­танияның Оксфорд қаласындағы Еуропа бизнес ассамблеясының ұсынуымен Королева Виктория атындағы эксклюзивті, яғни ең таң­дау­лы адамдарға берілетін ағылшын сый­лығымен марапатталыпты. Атал­ған сыйлық иесінің қоғам үшін атқарған ерен еңбегі, ең бастысы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолындағы көрсеткен ерлігі мен адалдығы, адамгершілігінің халықаралық дәрежеде мойындалуын білдіреді делінген құжатында.
«Бәрекелді, ұлты үшін жан­ұшы­ра жүгіріп, қазақтың қара дом­­бырасын әлемдік деңгейге шы­ғарған бір баламыз қазақ атын тағы да осылай бір даңқ биігінен бір-ақ шығарды» деп қал­па­ғы­мызды аспанға ата қуанатын жө­ні­міз бар. Себебі бұл Қыдырәлі Бол­мановқа берілгенімен, түптеп кел­генде, қазаққа берілген сый­лық қой?!. Ингушетия Президенті Ре­сей Думасында өткен бір-ақ кон­цертте көріп, «Ұлытау» мен Қыдырәлі Болмановты Халық әр­тісі деген ең биік атақпен ма­рапаттапты. Сол құрлы өз жұрты не­ге бағаламайды? Әлде әлі де Қы­дырәлі Болмановтың еңбегі сің­бей жүр ме екен?
«Ұлытау» бәлкім, біреулер үшін Қыдырәлінің ғана тобы шы­ғар, бірақ білгенге ол – ұлттық идео­логияның қозғаушы күші. Гол­­ливудтан қазаққа Гран-при алып берген этнотоптың негізгі ті­регі күмбірлеген домбыраның қоңыр үні – қазақтың үні емес пе? Ал оған дейін естеріңізде болса, жап­пай батыстың әуеніне төң­ке­рілген ел өз домбырасын керек ет­пей, телеарналар мен радиода дәстүрлі әнді бермей тастағаны рас.
Ал қазақ ұлтының коды сол дом­бы­раның күмбірінде екенін, домбырасын жо­ғалт­са, қазақ бар болмысынан айыры­ла­тынына ешкімнің ой-өресі жетпеді ме?..
Сол тұста ұлт музыкасының жоқ­таушысы Қыдырәлі Болманов «заман технологиясы форматына домбыраны қалай енгізе алам» деген сұраққа жауап тауып, рок му­зыкаға Құрманғазы, Тәт­тімбет, Махамбеттің күй­лерін салу арқылы түрлендіріп жібер­генде «Ұлы­тауға» тіпті мәскеулік скинхедтер де қол соғып, еліре айғайлады. Еуропаны қа­зақ музыкасына тамсандырған «Ұлытау» әлем­нің ең үздік 100 альбомының қата­рына енді. Бүгінде Германияда «Ұлы­тау­дың» жинағы ең жоғарғы рейтингпен са­тылуда.
Оған дейін де арқалы азамат қыруар жұ­мыстар атқарған болатын: алғаш рет «Азия даусына» домбыра алып шығып, «Сү­гірдің термесін» эстрадаға қосқан, сон­дай-ақ қазақ эстрадасына тұңғыш үш бір­дей кәсіби әншіден «АБК» триосын құрған, қа­зақ эстрадасына Қарақаттай әншіні алып келді. Қазір елімізде Қарақат есімін алған 2500 бүлдіршін бар екен, соның бесеуі Қарақаттың өзі ашқан музыка мектебінде тәлім алуда. Ол мектептің де талай қазақ ба­ласының тілі мен ділінің қазақы болып қа­лып­тасуында үлкен орны бар екені сөз­сіз.
Бірінің әнін бір ұрлап, сондай-ақ бір әншінің есіл еңбегін аямай, қарақшылық жол­мен сатып, оның өзін нәпақасыз қал­дыр­ған қоғамда орындаушылардың са­бақтас құқығын, жалпы авторлық құқық ту­ра­лы заңның толыққанды болуын қолға алып, нәтиже шығарған Қ.Болманов екенін бә­ріміз де білеміз, бірақ неге екенін, үнде­мейміз.
Енді бүгін бесігін басқа біреуге тербетіп қойған қазақ баласының бесігін өзіміз тербету үшін қамытты тағы да өз мойнына алып, қазақша сөйлейтін, ұлттық киім киін­ген «Қарақат», «Алдар көсе», «Тазша ба­ла», «Азия барысы» се­кілді қуыршақ шы­ғарып жатқан кім? Мұның да соңы елі­мізде отандық ойын­шық өндірісі ағынының қа­лып­тасуына алып баратыны сөзсіз.
Ендеше, осының бәрі бір адамға аз ба? Қашанда қоғамға келе жатқан жаңалықтың алдын алып, оны зерттеп, соған сай про­гресс жасап жүретін осындай азаматын ел не­ге елемейді? Әлде бұл білсе де біл­ме­генситін жоға­рыдағы әлдебіреулердің әде­йі істеп отырғаны ма? Олай болса, қа­заққа жаны ашымайтын, ұлттық музыка, ұлт­тық құндылықтың иісі мұрнына бар­май­тын ол не қылған адамдар? Тағы бір айтар­лы­ғы, бізде музыканы зерттеп, талдап жат­қан не бір маман, не бір мекеме жоқ. Со­ның салдарынан әркім өз білгенін істеп, эс­тра­даға кім көрінген пікір айтып, баға беру­ге айналған. Мүсіреповше айтқанда, «Ав­гийдің ат қорасында» қазір көлденең көк аттылар қаптап, олар өзінің кәсіби му­зы­кадан хабары жоқты­ғына қысылу бы­лай тұрсын, кәсіби әншілердің алдын ора­ғытып, соларға тиесілі сый-сыяпатты алып кетіп жүргені жасырын емес.
Біз қазақ «мықтымыз», «бәленбіз, тү­ген­біз» деп мақтанғанда алдымызға жан сал­маймыз, солайша өзіміздің әлемдік көш­тің соңында қалып бара жатқанымызды мойындамаймыз. Алайда мойындау керек те тұстар бар, мәселен, Еуропаның биік мәдениетін. Оның айқын дәлелі ол елдерде Король тұқымы принцке дейін әншіні, жал­пы өнер адамын бағалап, оның алдына кон­­церт көруге барады. Ал біздің шенеу­нік­тердің шіренгені соншалық, өз өнер адам­дарының шынайы жағдайымен шар­уасы да жоқ, есесіне, Ресей не сол сияқты шетел­дің әртістерін құнына қарамай, то­йына шақырады. Ал Еуропа өздерімен қа­тар азшылық ұлттардың мәдениетіне көңіл бө­ліп, сол мәдениетті қалайда көтеруге ты­рысып жүрген жандарды міндетті түрде ба­ға­лайды. Қыдырәлі Болмановқа Коро­ле­ва Вик­тория сыйлығының тағайындалуы – соның бұлтартпас дәлелі. Бұйырса, бұл ме­даль желтоқсанның 14-інде Австрия­ның ас­танасы Венада, Хофбург сара­йында Қы­дыр­әлінің мойнына тағылмақ. Демек, көп ұза­май қазақтың өңірінде алтын алқа жар­қырайды деген сөз. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан бол­с­ын» деп Ахмет атамыз айтса, бұл жағдайда, ке­рісінше, «ұлтым» дейтін ұлына, «балам» дейтін жұрт табылмай отыр емес пе? Және ойланарлық жағдай да, себебі қай салада да бізде талантты адамға жағ­­дай жасалмақ түгіл, осылай есіл еңбегін керек етпей тастаймыз. Ал шындығында, дарынды адам қай елде де өмір сүре алады, сон­дықтан бір күн болмаса, бір күні қоғамнан түсі­нік, басшылықтан қолдау таппаған ол ша­баданын жинап, жақсы ұсыныс жасаған елге кетіп қалса, не болмақ? «Балам кетті-ау, онымен бірге болашағым кетті» дер ме екен­біз? 


• Королева Виктория атындағы сыйлық – еу­­разия­­лық кеңістікте жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлемдік тәжірибені, сондай-ақ халықаралық ғылыми және экономикалық, мәдени байланыстарды нығайтуға күш салған көшбасшы тұлғаларға берілетін жоғарғы дәрежелі марапат. 999,9 сынамалы алтынмен апталған медальдер ағылшынның атақты зергері Альфред Виньецкийдің шеберханасында жасалады. Осыған дейін Королева Виктория сыйлығын иеленгендер қатарында Шығыс-Сібір мемлекеттік өнер және мәдениет университетінің ректоры Раиса Пшеничникова,  Дағыстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры А.Османов, И.Н.Ульянов атындағы Чуваш мемлекеттік университетінің ректоры Лев Кураков т.б көптеген қайраткерлер бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста