Жуырда Шығыс Қазақстан облысына қарасты Тарбағатай ауданындағы Ақсуат орталығында орын тепкен Алшынғазы Байқыдыров атындағы музыка мектебінде халықтық өнеріміздің туын желбіретіп жүрген талантты әнші, ұлағатты ұстаз Жоламан Құжиманов атындағы ұлттық ән сыныбы ашылды. Осы бір жағымды жаңалық жөнінде әншінің өз пікірін сұраған едік.
Жоламан ҚҰЖИМАНОВ, әнші:
– Қазақтың ұлттық өнерін, сондай-ақ менің еңбегімді елеп-ескеріп, ән сыныбын ашып жатқан аудандық Алшынғазы Байқыдыров атындағы музыка мектебінің директоры Қалихан Сафаровқа, жалпы, бұл бастамаға қолдау білдірген Тарбағатай ауданының әкімі Ерлан Текешовке алғысым шексіз. Атаулы мектепте 250 бала домбыра, қобыз, баян, сурет, би, ән сабақтарынан дәріс алса, бүгінде менің атымдағы ән сыныбында 25 шәкірт оқып жатыр. Мұны ауыз толтырып айтарлық жетістікке балауға болады. Өйткені колледж-лицейлердің өзінде ән сыныбында 5-6 баладан артық оқымайды. Бұл ән сыныбында Жәнібек Кәрменовтің шәкірті, республикалық байқаулардың лауреаты Мейрамбек Ахметов дәріс беретін болып бекітіліпті. Музыка мектебі ауылдарда да өз бөлімшелерін ашпақ ойы бар. Ең бастысы, ұлттық өнерге көңіл бөлушілік қуантады.
Құжиманов сыныбы ашылды
Последние статьи автора