Құстарға қамқорлық көрсету акциясы басталды

Өскеменде әдеттегі акциялардан бітімі бөлек ізгілікті акция басталды. «Құстар – біздің досымыз» деп аталады бұл акция. Шараның мұраты жалқы – қаладағы қанаттыларды қамқорлыққа алу.
Бұдан бөлек оларға жем беру, арнайы жем қорапшаларын ілу деген секілді қо­сым­ша міндеттер бар. Акцияға қа­ты­су­шы­лар құстарды үнемі қадағалап, суретке тү­сі­ріп, керек болса, олар туралы жазуына да болады. Шараға жем қорапшасын іліп, құстарды тамақтандыруға ерінбейтін қала тұрғындарының барлығы қатыса алады.
Бұл акцияның Өскеменде қолға алы­нуы да бекер емес. Былтырғы қақаған қыс­та шаһардағы құстардың азық таба ал­ма­ғаны өз алдына, 40 градустан тө­мен­демеген қатты аязда қаншамасы қырылып қа­л­ғаны белгілі. Шараның негізгі мұраты осы жағдайдың биыл қайталануына жол бер­меу болса керек.
Қазір Өскеменде бұл тарапта жұ­мыс­тар басталып та кеткен көрінеді. Барлық мек­теп­терге хабарланған. Бүгінде қала бо­йын­ша мектептерде 400-ге жуық жем қо­рап­шалары ілінген. Сонымен қатар бұл ша­раға саябақтар мен жоғары оқу орын­да­ры да бекітілген.
Қала әкімі баспасөз қызметінің ай­туынша, қанаттыларды қолдаған ізгі ша­ра 1 сәуірге дейін жалғасады. Акция қо­ры­­тын­дысы Халықаралық құстар кү­нін­де шы­ғарылмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста