- Соңғы рет қай кезде жыладыңыз? Кім үшін жыладыңыз?
- Кеше ұзатуда жыладым. Қызды шығарып салып тұрғанда жүрегім елжіреп кетті. Шынымен қыз әкесін құшақтап жылағанда, жүрегім шыдамай кетеді.
- Мұңаятын сәттеріңіз жиі болады ма?
- Анда-санда болып тұрады. Қолым тигенде бір мұңайып аламын, былай көпте қолым тие бермейді ғой негізі.
- Бетіне операция жақындатпаған жалғыз әнші сіз шығарсыз иә?
- Мен тіпті тіс емдетуге укол салдыртуға қорқатын адаммын. Жасым мыңға келсе де әлі қорқамын. Дәрігерім бүгін бос емеспін десе, қуанып алды-артыма қарамай қашатын адаммын.
Жақында жаңа әндерімен тыңдармандарын қуантқан әнші, бейнебаянға дайындық үстінде екендігін жеткізді.