Құрмаш Маханов бес жыл кездесіп қосылмай кеткен сүйікті қызы жайлы айтты

Құрмаш Маханов бес жыл кездесіп қосылмай кеткен сүйікті қызы жайлы айтты

Көптің көңілін лирикалық әндері арқылы жаулап алған Құрмаш Маханов махабаты жайлы айтты. Айтуынша, бес жыл кездескен сүйіктісімен жолы қосылмаған. Әндерінің көпшілігі сол аруға арналады.

Бұл туралы Маханов "Dope soz" подкасынтында айтты. 

“Жақында бұрын қосылмай кеткен сүйікті қызыма тағы бір әнімді арнадым” дейді әнші. Ғашығы басқа азаматқа тұрмысқа шығып, Тараз қаласында тұрып жатыр. Құрмаш Маханов осы ретте көпшіліктің жүрегінен орын алған “Жан сырым” әнінің қалай дүниеге келгенін айтты. 

“1997 жылы Алматыда Сейфуллин Жолбарыспен бірге пәтерде тұрдым. “Қазақконцертке” жұмысқа орналастым. Сейфуллин екеуміз бір-бірімізге кешкісін жазған әндерімізді тыңдататынбыз. Бір күні осы әнімді тыңдаттым. Ол осындай әнге сай келетін әуені бар екенін айттты. Тыңдап көрдім де, “бұл ән менікі болады” дедім. Солай “Жан сырым” өмірге келді. Мен әдетте бір әнді бір жылға жуық жазатын едім. Осы әнді 2,5 ай дегенде жазып шықтым. Себебі бір қыздың туған күнінен арнауға асықтым”, – деді әнші. 

Маханов ол қызбен кештердің бірінде танысқын. Әңгімесі жарасып, бес жыл кездескен екен. 

“Мен оның туған күніне осы әнді жазып апардым. Екеуміз осы әнге вальс биледік. Кейін де үйлену тойларда осы әнге бәрі вальс билейтін болды. 1997 жылдан бері қанша уақыт өтті. Бәрі біледі. Ол қызға бұдан бөлек 4 әнімді арнадым. Жақында ғана бесінші әнімді арнап шығардым. Екеуміз қосылған жоқпыз. Мен басқамен қосылдым, ол басқаның етегіне ұстады”, – деді әнші. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста