Құрманғазы мұрасына ден қою

Құрманғазы мұрасына ден қою

Алдағы 8 сәуір күні Алматыда «Құрманғазы мұралары» деп аталатын үлкен концерттік шара өтеді. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отырған концертте Қазақстанның халық әртісі Тұяқберді Шәмілов көркемдік жетекшілік ететін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрі өнер көрсетпек.
Бағдарлама барысының бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жал­ғасбек Бегендіков. Жеке орындаушылар ара­сында әншілерден Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова, халық­аралық конкурстардың лауреаты Дәлел Уәшев, домбырашылардан мемле­кеттік «Дарын» жастар сыйлығының лау­реаты Бауыржан Мықтыбаев, Құрманғазы атын­дағы конкурстың бас жүлдегері Арман Жүдебаев және республикалық байқау­лардың лауреаттары Сәбира Бибатырова мен Руслан Баймұхатов бар. Ән мен күйге төрден орын ұсынбақ осынау шараны Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қай­раткері Тұрарбек Хайралиев жүр­гізеді.
Құрманғазының «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Боз­қаң­ғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Боз­­­шолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, ше­шем, аман бол» сияқты күйлері кезіндегі қа­­зақ қоғамы бастан өткерген зобалаң жылдардың шындығы іспетті. Ал «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Сер­пер», «Назым», «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері әр қазақтың рухын оятып, жүрегін шымырлатпай қой­масы анық. Күй кешінде Құрманғазының кең тараған күйлері ойналып, қазақтың дәстүрлі әнде­рі орындалмақ. Қазақтың ұлы күйші-ком­позиторы Құрманғазының бай мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған бұ кон­цертік жоба алдағы уақыттарда да еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасын таппақ.

Қаперге!
Құрманғазы Сағырбайұлы 1823 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жерде дүниеге келіп, 1896 жылы Астрахань (Ресей) облысындағы Құрманғазы төбе деп аталатын жерде көз жұмған. Құрманғазы дәулескер күйші Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсан сияқты күйшілерден өнеге алған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста