Леонид Брежнев пен Эрик Хоннекердің әйгілі тарихи сүйісі естеріңізде болар. Достықтың бұл белгісін суретші Дмитрий Врубель атақты Берлин қабырғасына бейнелейді. «Бауырластық сүйіс» кейін осы берік қабырғаның құлауына себеп болады... Ал Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіру арқылы нені құлатпақшы немесе келеке етпекші? Сан ғасырлардан қалыптасқан мәдени дәстүрімізді ме, ділімізді ме, ұлттық құндылықтарымызды ма? «Атың шықпаса, жер өрте». Тіпті бұл «туынды» Бішкекте өткен Орталық Азия жарнама фестивалінде қола жүлдені иемденіп те үлгеріпті. Ал қырғыз ағайындар үнсіз. Бұл постер қай қазақтың да намысын қайрақша қайрады. Көкірегінде намысы бар жастар бас көтерді.
Нұркен Халықберген, Құрманғазы Сағырбайұлының ұрпағы:
Бабамды қорлау – басыну
Бұл адамдардың титтей де ұяты жоқ деуге болады. Постердің не үшін және кім үшін дайындалғандығы маңызды емес. Айтайын дегенім, олар жүлде алу үшін ұлт намысын аяққа таптаудан тайынбады. Бішкекте өткен фестивальде әділқазылар бұл жұмысқа қарсылық танытпаған. Олар гей-клубты насихаттау үшін Құрманғазы мен Пушкинді пайдаланғанда тұрған ештеңе жоқ деп есептеді.
ҚАЙДАН ШЫҚҚАН «ДӘУ»?
Бұл жұмыстың авторлары қазақ емес. Havas Worldwide Kazakhstan жар-нама агенттігінің креативті директоры Роман Стратийчук Украин азаматы, ол Қазақстанда бар болғаны 2 жылдан бері тұрып келеді. Ал мұндай аз мерзім ішінде біздің өмір сүру салтымызды, пәлсапамызды түсіну жеткі-ліксіз. Ал өзге авторлар осында туып-өскен жергілікті азаматтар. Біз оларға қаза үшін ең киелі дүниелерге қастандық жасап жатқандарын түсін-діруге тырыстық. Халықтың алдында кешірім сұраңдар деп жаздық. Бірақ біздің сөзімізді күлкіге айналдырды. Олардың айтуынша, біз «жоғары өнерді» түсінбейтін сауаты төмен адамдар екенбіз. Екінші күні біз полиция мен прокуратураға арыз түсірдік. Полицейлер ол адамдарды тауып, үйле-рінен алып кеткенде естерін жинаған болуы керек, дауды басу үшін әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады.
КІНӘЛІЛЕР ЖАЗАСЫН ТАРТУ КЕРЕК
3. Сурет авторларының үстінен қорлау мен ғайбаттау дерегі бойынша қылмыстық істің қозғалуына қол жеткізгім келеді. Бұл ретте талап-арызды дайындап қойдық. Ел намысы сынға түскен сәтте сүйеу болған жандарды айта кетейін. Айжан Хамит – Хамит Ерғалиевтің немересі, бұрынғы депутат Мұрат Әбенов, саясаттанушы Айдос Сарым, Қазақстан Журналис-тер одағының басшысы Сейітқазы Матаев – осылар бірінші болып маған қолдау көрсетті. Поштама еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген хаттар келіп түсуде. Бәрінің өтініші бір бастаған істі аяқсыз қалдырмауымды сұрайды. Қазақтың намысы тапталып жатқанда, жарты жолдан шегінуге хақым жоқ.
Мұрат Әбенов, республикалық «Өрлеу» АҚ директорлар кеңесінін төрағасы, қоғам қайраткері:
– Бұл – дерттің бір түрі. Елімізде көбейді деген пікір дұрыс емес. Мұндай ауру генетикалық ауытқу себебінен болады. Жеті атасына дейін қыз алыс-пайтын халық басқаларға қарағанда, генетикалық ауруға аздау шалдығады. Ал оны насихаттау көбейді. Соңғы кезде «дерт емес, үйреншікті нәрсе» деген пікірді қалыптастырушылар пайда болды. Қасақана жасалуы әбден мүмкін. Себебі сол арқылы қоғамның дәстүрлі негізіне балта шабылады.Аталған оқиға – қылмыс. Оларды жазалау керек. Егер үндемей қалсақ, келесі әрекеттері одан да сорақы болады.
Анна Құдиярова, Психоанализ институтының директоры:
– Гейлердің көбеюі біздің қоғамның бостандығының белгісі. Бұрын адамдар қорқатын, сондықтан өздерінің жыныстық өзгешелігін жасыратын. Қазір қорқыныш аз, еркіндік мол. «Мен «лесбимін», «мен қызтекемін» деп ашық айта беретін болды. Оған неге қуанбасқа! Егер дәл осы постер гомосексуализмге қатысты болмай, 1 мамыр күні немесе басқа күні, басқа жерде жарияланатын болса, мүмкін бәрі де қуанатын ба еді? «Ооо, мына екі белгілі адам, екі мәдениет, екі ұлт бірігіп жатыр» – деп. Неге Хонеккер мен Брежневтің сүйісін бәрі білсе де, гомосексуализм деп шуламайды. Бұл жерде адамдардың Құрманғазыға деген сүйіспеншілігін болмаса Пушкинге деген махаббатын, мәдениетке деген құрметін емес, гомосексуализмге, «гейлерге» деген қызығушылығын көруге болады. Егер постерді мүлдем басқа жерге, басқа бұрышқа орнатқанда ешкім шу шығармайтын еді.
Досай Кенжетай, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор:
– Гомосексуализм мәселесі сыртқы күштердін саясаты. Олар арнайы бағдарламамен жұмыс жүргізеді. Мақсаты – коғам назарын өздеріне аударып, діни мотивациялық, әсіресе, діни фанатизмге қуат беруге ыкпал ету, ұлттың психологиялық деңгейін тану және меңгеру үшін жасалып жатқан іс-шара деп білемін.
Уәж
Havas Worldwide Kazakhstan агенттігі:
– Бұл идеяны белгілі бір ортаға ғана арнап шығарғанбыз, дәлірек Бішкекте өткен Red Jolbors Орталық Азия жарнама фестиваліне қатысып, қола жүлдені иемдендік. Бұл сурет әлеуметтік желілер мен баспасөзде қоғамдық дау туғызады деп күтпедік. Ұлы орыс ақыны мен ұлы қазақ композиторының мәдениетке сіңірген баға жетпес еңбегін мойындай отырып, бұл принттің жалпақ жұртқа жарияланбайтынын және көшірілмейтінін ресми түрде хабарлаймыз.
jasqazaq.kz сайтынан алынған
(Негізгі тақырыбы: Жарнама үшін ар пида)
Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп қойғандар нені меңзеп отыр?
Последние статьи автора