Құрақ көрпе – құнды жәдігер

Ұлттық құндылықтарымыздың бүгінде әлемдік брендтермен құйысқан түйістіріп қатар шаппасына еш әддісі жоқ. Расы осы, қолөнер бұйымдарымыз бұрындары тұсаулы аттай ауыл-аймақты төңіректеп жүруші еді, бүгінде шоқырақтап желетін ыңғай танытып жүр. Оның ғасырлар тасасында ұмытылып қалып кетпей, бүгінге жетуіне аянбай тер төгіп атсалысқан, әрине, қолөнер шеберлері.
Одан қалса қазақы тамыр, ұлттық жады жібермейді деуге де болар. Соның арқасында ұлттық қолөнер бұйымдарымыз бүгінде босағадағы орнын босатып, төрге озды. Ықылым заманнан бүгінгі ғасырға ұмытылмай жетіп, жыл өткен сайын жаса­рып, жаңаруға бет алғаны көп. Соның бірі – қыз жасауы. Ұзатылып бара жатқан қыз­ға ата-анасы, ең алдымен, жасауын жаб­дықтап, тұрмысына қажетті бұйым­дар­ды әперіп, ең бастысы – құрақ көрпе, құ­рақ жастық, құрақ көрпеше беретіні белгілі. Бұл да – көнеден келе жатқан ыр­ым. Басы құралсын, басы көбейсін де­ген­нен туған салт. Ұлттық қолөнер түрі­нің тап осы жасау-жабдыққа келгенде ке­йінге кеткенін емес, алдыға озып кеткенін бағамдауға болады. Бүгінде қыз жасауын дайындаумен айналысатын түрлі фирма­лар көп. Базарға барсаңыз да, шертіп жү­ріп таң­дап алуға мүмкіндік мол. Көрпе-жас­тық­ты жиып қоюға арналған сандық­тың неше атасын таба аласыз. Бұрындары сан­дық, кебежелерді өзбекстандық ше­бер­лер жасайтын. Сол себепті де осы жи­һаз түрін жылтыратып, шығыстық мәнер­де безен­ді­ретін. Бүгінде, шүкір, өз шеберле­ріміз қош­қар мүйіз оюын ойып салып, қа­зақы қалыпқа келтірді. Сандықтың оюлан­ға­нын да, қымбат тастармен безендіріл­генін де таңдап жүріп сатып алуға болады. Ал енді осы сандықтың үстіне жиылатын көрпе-жастықтың да неше атасы бар. Әсіресе құрақ көрпешеге деген сұраныс басым. Айтып өткеніміздей, өзгенің түтінін түтетуге ұзатылып бара жатқан қыздың басы құралсын, оңалсын деп құрақ жас­тық­ты, құрақ көрпешелерді ырымдап қо­сатыны белгілі. Бағзы заманда қазақ дала­сында қымбат маталар тапшы болғандық­тан, ісмерлер киімнен қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жарату үшін олар­дан әртүрлі бұйымдар тіккен. Содан құрақ құрау өнері бастау алған. Далада да, қала­да да көптеген қазақ отбасының төрі­нен құрақ көрпелер, құрақ тұскиіздер орын ала бастады. Мақтанарлық-ақ жағ­дай. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында екі жақ бір-біріне құрақтан жасалған, әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржындармен жөн-жоралғысын жасайтын болды. Ұлт­тық бренд болуға сұранып-ақ тұрған құ­рақ өнері, расында, шетелдіктердің қызы­ғу­шылығын оятып отыр. Әрине, дамыған ел­дің азаматтарын қымбат көлік пен зәу­лім сарайлармен қызықтыра алмасымыз анық. Олардың біздің ұлттық қолөнер бұ­йым­да­рымызға қатты қызығатыны белгі­лі. Тіп­ті сән орталығы саналатын француздар­дың етік не болмаса көйлектеріне зер сала қарасаңыз, қазақы оюларымыздың ұр­ланғанын байқар едіңіз. Елімізде өтіп жат­қан түрлі іс-шаралар барысында ше­тел­дік­тердің ұлттық қолөнер бұйымдары­мызды көптеп сатып алатынынан-ақ оның қан­шалықты құнды екенін бағамдауға бо­лады. Тек қыз жасауында ғана емес, өзге тойларда да құрақтың орны қаншалықты қымбат екені білініп тұрады. Мәселен, сүндет тойда баланы атқа мінгізіп, ағайын аралатқанда да жанына қоржын байла­ғаны мәлім. Әртүрлі қиықтардан жасалып, ою-өрнек салынған сәнді қазақы қоржын­дарды қолөнер бұйымдары дүкенінен са­тып алуға болады. Құрақ жастықты бүгінде қонақ жастық ретінде де, диванға арнал­ған шынтақ жастық ретінде де пайдаланып жүр­гендер көп. Ал көбіміз кезінде құрақ ойыншықтар болғанын біле бермейміз. Оны үй ішіне сән беретін бұйым ретінде ға­на емес, балаға ойыншық ретінде де тік­кен. Әрі кәдесый ретінде тігуге де болады. Шеберлер құрақ ойыншықтардың ішінде кішкене пөстек, доп, ат, күшікті де құрақтан тіккен. Мұндай елде жоқ ерекше бұйым­дар­ды диван үстіне, автокөлік ішіне де көз тарту үшін қоюға болады. Бір қызығы, бү­гінде құрақ құрау әлем бойынша сәнге айналыпты. Бірақ әр елде әрқалай ата­лады. Мәселен, АҚШ-та – квилт, Еуропада – пэчворк, орыстар құрақ жұмысы деп атай­ды. Францияның Эльзац қаласында жыл сайын құрақшылардың әлемдік бай­қауы өтіп тұрады. Оған тілек білдірген­дер­дің бәрі қатыса алмайды. Жұмыстарын қа­­рап, сұрыптап, іріктеп алады. Елімізден әлемдік додаға бірді-екілі ғана адам қа­тысқан. Көбіне құрақ көрпенің де түр-түрі болатынын көпшілік біле бермейді. Күйеу көрпе, шай көрпе, төр көрпе деген түрлері бар. Сондай-ақ жас жұбайларға арналған қос жастық деген бар. Қос жастықты жұ­бай­лар бір-бірімен үйлесіп кетсін, бастары ажырамасын деп біріктіріп жасайды. Жер жастық, шынтақ жастық, шал жастық де­ген­дер де бар. Құрақ көрпе – қазақтың іс­мерлік өнерінің ішінде ерекшеленетін өте құнды жәдігер. Бү­гінде ұлттық өнерді жат­тың жыл­тырағынан жоғары қоятын жан­дар көп. Ұлтжанды азаматтардың арқасын­да осындай құнды дүниелеріміз ұмытыл­май, ғасырдан ғасырға жететініне қуанасың.
Құрақ көрпешеге сұраныс көп
Таразда тұратын құрақшы Зәкира Мыр­захметова – құрақ құраудың нағыз қас шебері. Осыдан он жыл бұрын шағын кәсіпорын ашқан отбасы бүгінде кәсібі­нің нәсібін көріп отыр. «Жасау мүлкі» деп аталатын шағын өндіріс орнына тапсырыс берушілер көп. Тек Тараздың өзінен ғана емес, облыстың түкпір-түкпірінен, сондай-ақ көршілес облыстардан келіп, аттай қа­лап алып кетушілер көп. Тіпті сонау Орын­бордан, Архангельскіден келген қандаста­ры­мыз өндірген өнімдерінің өтімділігін өкіртуде. Ұлттық ою-өрнекпен өрнектеле­тін «Жасау мүлкінің» жасаған дүниелері, шы­нында да, көз тартарлықтай. Жас жұ­бай­ларға арнап тігілген «махаббат көрпе­сіне» сұраныс көп екен. Менмұндалап тұ­ратын кұрақ көрпешелердің өзі – бір төбе. Мойын жастықтың тысына тігілген құрақ­тың өзі аса талғампаздықпен қиюласты­рыл­ған. Шымылдықты да тапсырысқа орай түрліше түрлендіріп тігіп береді. Қыз жасауының негізгі бағасы 30 мың теңгеден басталып, 100 мың теңгеге дейін барады. Тіпті одан да қымбатына тапсырыс бере­тіндер де бар. Сондай-ақ соңғы кезде үйі­нің бір бөлмесін ұлттық нақышта безенді­ретіндер көбейіп келеді. Мұндайда, әри­не, құрақ көрпеше, оюланған көрпешеге тап­сырыстардың көбейетіні рас... Бүгінде ұлттық нақыштағы дүниелерді жасаумен айналысуға ниет еткендер көптеген дүкен, өнер салондарын ашып жатыр. Олардың өтпей қалған кезі жоқ. Демек, сұраныс бар деген сөз. Бәсекелестер көп болған сайын бағаның өсе түсетіні ақиқат. Бизнес ашуды жоспарлап жүргендер болса, мархабат...
Құрақтың құпиясы
Құрақтан жасалған заттарға зер сала назар аударса, сан қилы сәнді түстердің бір-­бірімен үйлесім тауып, әсемдік әлеміне тартып тұрғанын айқын аңғаруға болады. Құрақ, негізінен, түрлі-түсті маталардан құ­ралатыны белгілі. Этнографтардың ай­туынша, ұшбұрышты құрақтардың мәні ерекше. Қазақи көзқарас бойынша үш­бұ­рыш су, жер, ауа – үш ғаламның бел­гісі бо­лып есептеледі. Егерде осы үшбұ­рыш­тың ішіне қошқар мүйіз оюын салса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақ­тардың ұғы­мында – ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық кіріс пен шығысты, қиысуды бел­гілейді.
Қалдыгүл ЕСІМОВА, құрақ құраушы:
– Қыз жасауын құрақ көрпеше, құрақ жастықсыз жасаудың мәні жоқ. Тіпті өзін аса заманауи деп есептейтін адамдардың өздері де құрақ көрпе­шеге көптеп тапсырыс береді. Өйткені қыздың анасы кезінде басы құралсын деген ниетпен құрақ қосқан. Ертеңгі күні ұзатылған қыз да өз қызына құ­рақ көрпе қосады. Осылайша ұлттық тін үзілмей, ғасырларға жалғаса бере­ді. Ұлттық дәстүріміздің өшіп кетпеуіне ерекше үлес қосып отырған ісмерлер­дің еңбегі ерекше. Ол – әрі ұлттық дү­ниеге деген құрмет болса, екіншіден кәсібіңді дөңгелетудің негізі. Құрақ жас­тық, құрақ көрпешеге деген тапсы­рыс ешқашан да саябырсыған емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста