"Менің өмірім" атты бағдарламаға сұхбат берген Құралай анасы Нұрбике Нұрқаділова қазір дінге бет бұрып, намазға жығылғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Елімізде танымал мемлекет әрі қоғам қайраткері марқұм Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай Нұрқаділова өзінің отбасы жайлы айтып, анасы туралы сыр шекті.
Анам бөлек өзі жалғыз тұрады. Қазір намаз оқуды бастап, орамал тақты. Қажылыққа да барып келді. Ол өз жан-дүниесінің тыныштығын тапты, сабырға келді, — дейді Құралай Нұрқаділова.
Оның айтуынша, анасы халық алдына мүлдем шыққысы келмейді.
Анам көп шындықты біледі, айтар заты да көп. Ол әкемнің алғашқы әйелі ретінде біраз нәрсені айта алар еді. Алайда оны ешқашан екшкімге айтпайды. Оның даналығы сол — әкемнің беделі үшін әрдайым тасада болды. Ер адамын төрге сүйреген әйел дей аламын, — деді Құралай Нұрқаділова.