Белгілі дизайнер қиын 90- жылдарды еске алды. Бірде Құралай Нұрқаділоваға тіпті қолына қару алып, қорғануды үйренуге тура келді.
 
- Маған ТТ жауынгерлік тапаншасы берілді. Мен, қыз бала, қаруды ажырата алуышы ма едім? Бірақ 90-шы жылдар өтті, сол жылдары не болған жоқ. Сол кезде қаланың өз бандиттері болды, бұл қорқынышты кезеңдер көптеген адамдардың әлі есінде.
Ол кезде мен әкеммен араласпайтынмын, бірақ оған қоңырау түскен: "сіздің жалғыз қызыңыз - сіздің әлсіз жеріңіз".
 
Мені әкеме шақыртып, бұл туралы айтты. Мен қандай соғыс болуы мүмкін деп қорқатынмын! Мұның бәрі менің жүкті болуыма байланысты қиындай түсті. Үйде тығылып жатқым келді.  Ең дұрыс жолы үйде отыру болды, бірақ маған бұл мүмкіндік қолжетімсіз еді. Маған ақша тауып, анаммен және туылмаған баламды асырау керек болды. Мен шоу көрсетілімдерде белсенді жұмыс істедім. Жағдайды адамдарға түсіндіріп айта алмадым, сондай-ақ іс-шараны да қалдыра алмадым. Мен өзімді қорғауға бел будым.
 
Бронежилетке сыймадым, жүктіліктің 6 - айлығы болғандықтан ол маған жетпеді.
 
Содан кейін маған мынадай идея келді: Ең жақсы қорғаныс - бұл шабуыл! Маған пистолет берілсе де, мен қорқыныштан оны қалай атуға болатынын білмедім. Артық сұрақ қоюға шама болмады, қолымда қарудың барлығының өзі мені қауіптен қатты қорқытты.
 
Жолдан өткен сайын көліктерді бақылап тұратынмын, алыстан келе жатқан көлік болсын өткізіп жіберіп бірақ өтетінмін.
 
Мені әдейі қағып түсіреді деген қауіп болды.
 
Маған көп нәрсені үйренуге тура келді. Кейінірек маған қауіп туғызуы мүмкін деген көліктерді анықтауды үйретуге шешім шықты.
 
Көлікке отырғызып теріс айнадан көліктердің номерларын оқуды және есте сақтауды, қуған кезде қалай қашуға болатынын үйретті.
 
Ауыр ТТ қаруын қайда саларымды білмедім, ауыр болғандықтан қол сөмкеге салып жүре алмадым. Мен оны ылғи жанымда ұстауға тырыстым, бірақ ол көлемі не салмағының арқасында ылғы сезіліп тұратын, сондықтан мен онымен ылғи ұрсысып жүретінмін.
 
Міне, осындай оқиғаның арқасында ата - ана инстинкті қабырғаларды құлататынын білдім, ал сен осы сәтте бәрін жеңе аласың,- деп қосты Құралай.