«Құйрығыңды қысып жүр деген не сөз?» — Саят Медеуов қазақ эстрадасының жағдайына күйінді

«Құйрығыңды қысып жүр деген не сөз?» — Саят Медеуов қазақ эстрадасының жағдайына күйінді

Танымал әнші Саят Медеуов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында қазіргі қазақ эстрадасының мүшкіл жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

“Қазір білгенін істеп, сахнаға кез келген дүниені айтып шығу үрдіске айналды. Қазіргі әндердің сөздері өте өрескел, айтуға ұялатын сөздер бар. Сол әндерге рұқсат беріп отырған біздің мемлекетке бәрібір. Былай айтқанда, бет-бетімізбен кетіп жатырмыз. Әркім халықтың алдына қалай шыққысы келеді, солай шығып жатыр. Сондықтан бұл дүниеге тосқауыл қоймаса ертең кеш болады. Өкініп қаламыз. Халықты тәрбиелейтін өнер, әдебиет, театр, ән, би өнері, спорт. Мұның бәрін дұрыс жаққа қарай бұру керек. Бәрі қалаған әнін айтып, қалаған киімін киіп сахнаға шығып жатыр. Халықты тобыр демей ме? Тобыр екенбіз деп өзімізді-өзіміз жамандыққа итермелейміз бе? Адам өз жеке басы, мүмкін ойнап-күліп, ішіп, қыдырғысы келетін шығар. Ол жеке өмірі, онда менің шаруам жоқ. Бірақ оны сахнаға алып шығу – қателік”, – дейді Саят Медеуов.

 

Әнші сондай әндердің мәтінінен бірнеше сөздерді мысалға келтірді. Алайда ол әнді орындайтын әріптестерінің атын атаудан бас тартты.

 

“Құйрығыңды қысып жүр” деген не деген сөз? Кім айтатынын білмеймін. “Қаншық” деген сөздер бар. Айта берсең, көп. Оны тәрбиелеудің еш қиындығы жоқ деп ойлаймын. Бізде фонограммамен күресу керек дейді. Фонограммамен емес, жаман әнмен күресу керек. Жаман әнмен күреспесек, біз оңалмаймыз. Себебі халықтың құлағына оттаған, болмайтын дүниелерді құйып жатырмыз. Мемлекеттік тұрғыдан жаман әндер айтуға заңмен тыйым салу керек. Қазір әншілер халыққа танымал болудың әлегімен жүр”, – дейді өнер иесі.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста