Қозы мен Баян жүректерге айналды...

Нұрғиса Елеубеков (фото)

1990 жылдардың бас кезінде қазақтілді БАҚ-тар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» секілді махаббат символдарының құрметіне белгілі бір күнді ғашықтар мерекесі ретінде атап өту жөнінде бастама көтерген болатын. Бұл бастама кәдімгідей көпшілік тарапынан қолдау тауып, Алматыда Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрында арнайы кештер ұйымдастырылды. Бірақ өкінішке қарай, көп ұзамай елімізде діни-мәдени экспансия басталды да, «Әулие Валентин» деген кірме «мейрамсымақ» пайда болды. Аз ғана уақытта жастардың санасы уланып, жалған «әулиенің» арбауына түскені соншалық, ар-ұятты ұмытып, ұзақ сүйісуден жарысқа да тайсалмай түсті. Солайша біз өзіміздің қалай «қонағы билейтін жаман үйге» айналғанымызды да білмей қалдық.

Бірақ әлгіндей «әулиенің» арбауына түспей, аман қалғандар да болар. Олар есік-тесіктен сығалап, сыналай енген кез келген жат пиғылға сыртын берген, ұлттық рухы мықты адамдар еді. Солардың бірі дәл сол 90-жылдары Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған, бүгінде Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының оқытушысы Мартбек Тоқмырза. Осыдан бес жыл бұрын аталған оқу орнына оқытушылық қызметке кіріскен күннен бастап ол өз шәкірттерінің арасында «антивалентиндік» жұмыстар жүргізуді қолға алады. Осы ретте ең басты құралды Қозы Көрпеш – Баян сұлу секілді қазақтың ғашықтар күнін тірілтуден іздейді. Жыл сайын 15 сәуірде осы күні өзі дәріс беретін оқу орнында арнайы кеш ұйымдастырып жүрген Мартбек Тоқмырза биылғы жылы Қарағанды қаласындағы «Нәтиже» сүт фабрикасының директоры Ерлан Әшімовтен қолдау тауыпты. «Нәтиже-ART» деген шығармашылық ұйым құрып, (жетекшісі Бақыт Қойшығарина) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күніне арналған қазақша құттықтау қағаздарын шығара бастады. Біз Мартбек Тоқмырзаны әңгімеге тартқан едік:
– Бастамаларыңыз құптарлық екен...
– Рақмет! Негізінде, 14 ақпан күнін көпшілік мерекеге айналдырып жіберген – ең бірінші, оның дақпырты. Бір жағынан, ақпарат құралдары айғайлата насихаттаса, екінші жағынан, сол күні жер-жерді «валентинка» деп аталатын жүрек пішіндегі құттықтау қағаздары мен түрлі жастықшалар жаулап алады. Біз алдымен осындай дүниелерді құртуға кірістік. Сөйтіп, әркелкі дизайнда 38 түрлі құттықтау қағазын жасап шығарып, студенттер арасында арзан бағада сатуға жібердік. Жүрекшелер ішіне қысқа әрі нұсқа сөздер жазу арқылы сезімді жеткізудің қазақы жолын іздедік. Ең бастысы, дәл 14 ақпан күні құттықтау қағаздарын еш жерде сатқызбай, керісінше, шамамыз жеткенше әр студентке «бұл күнді тойламаңдар, себебі біз үшін ол ешқандай да мейрам емес» деп ұғындыруға тырыстық. Егер біз не болса соны тойлай жөнелсек, онда өзімізді түгі жоқ, жұтаң ел деп мойындаған болып шықпаймыз ба?
– Құттықтау қағаздарын жастар қалай қабылдады? Таралу жағы қалай болып жатыр?
– Таралымы 5-6 мыңнан жоғары. Негізі, біз құттықтау қағаздарын таратуды әзірге студенттердің өзіне бердік. Олар бізден өте арзан бағада, яғни 5-7 теңгеден алады да, өздері үстіне қойып сату арқылы, ақыларын айырып алады. Олай етудің бірінші себебі – дүңгіршек сатушыларының қазақша құттықтау қағаздарына деген теріс көзқарасы болса, екіншіден, студенттердің қалтасына аз да болса ақша түссін деген ой. Қазақша құттықтау қағаздары тек Қарағанды қаласымен шектелмей, біртіндеп Балқаш, Қарқаралы, Ақтоғай секілді алыс-жақын аймақтарға да таралып жатыр.

Жүрекше ішінде:
«Ғашық етер қос жанды сезім дейді, жүрегім алып-ұшып сені іздейді»;
«Махаббатың жебесі жүрегіме қадалды, өмірімнің бар мәні сол сезімнен нәр алды»;
«Жүрегімде жазулы тұр есімің, енді өзің айт, сүйген сәулем, шешімін»;
«Ғашықпын мен, шын ғашықпын өзіңе, сенші сәулем, жүрекжарды сөзіме».

Түйін
Қозы Көрпеш – Баяндай махаббат жолында, бір молаға көмілген символдарымыз бар біз кімнен кембіз? Әлем бойынша екі жерде ғана ғашықтардың бейіті болса, оның бірі – әйгілі Тәж Махал, екіншісі — осы. Ендеше, өзгенің «қаңсығы» бізге таңсық па? Қашан біз осыны түсінер екенбіз? Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттер сарайында жыл сайын 15 сәуір күні үлкен кеш өтеді екен. Ғашықтар күні! Арқада күннің жылынып, көктемнің лебі есетін кез осы сәуір айы болғандықтан, ғашықтар мерекесі де дәл осы кезге сәйкестендіріліпті. Биыл да дәл осы күні Қарағанды мемлекеттік университеті бір тамаша кеш өткізді. Залда ине шаншар жер қалмай, жан-жақтан құттықтаулар ағылыпты. Енді осымен тоқтап қалмай, керісінше, ел болып атап өтсек! Әлі де кеш қалған ештеңеміз жоқ...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста