"Қозы Көрпеш – Баян сұлудың" жаңа нұсқасын көріңіз
Биыл Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры өзінің 69-шы маусымын бастайды. 16 қазан күні театр маусымы салтанатты түрде ашылады.
Салаттанты кеш 18.00-де театр ғимаратының алдында «Ақжелкен» этнофольклорлық балалар ансамблінің орындауындағы күймен ашылады. 18.20-да Ғ.Мүсірепов ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен кейін театр басшылығы мен театр қонақтары құттықтау сөз сөйлейді. Биылғы маусымның шымылдығы Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклімен ашылады.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклі – бақытқа ұмтылған қос ғашықтың махаббат жолындағы тартысқа толы тағдырын суреттейтін сахналық туынды.
Жастық пен махаббат, сұлулық пен нәзіктік, шынайылық пен іңкәрлік, сүйіспеншілік пен адамгершілік, сенім мен сезім тақырыптарынан сыр қозғап, адамдық пен адалдықты сөз етер, сертке берік екі жастың арасындағы ғашықтық жырларын шертер «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қойылымы – өнер мен өмір, тәрбие-тағылым мектебі.
Ұлы Ғабаң ( Ғ. Мүсірепов ) жазған бұл туынды көпшілік-көрерменге оқиғасы жағынан өте кеңінен таныс. Дегенмен, бұл жолғы Қозы Көрпеш те, Баян да – басқа, қойылым заманға сай жаңаша қойлады. Жаңаны көруге асығыңыздар, құрметті көрермен! Спектакльдің шығармашылық тобы: Қоюшы-режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты Жанат Хаджиев, Қоюшы-суретшісі – Ерлан Тұяқов, Композиторы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Ақтоты Райымқұлова, Фольклорлық-этнографиялық «Тұран» ансамблінің қатысуымен сахна сайыстарын қойған – Аман Құлбаев, Режиссердің ассистенті – Жұлдызбек Жұманбай. Режиссердің көмекшісі – Әлия Әбсаттарова.