«Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» күні тойланды

14 сәуір – Ғашықтар күніне орай Бостандық ауданы әкімінің аппараты мен «Арда» жас ақын­дар орталығының ұйымдастыруымен «Махаб­бат­сыз дүние бос ...» атты жас ақындар айтысы өтті.
Сөз додасында төрешілер сапынан Бостандық ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Рысбеков, филология ғылы­мының докторы С.Дәрібайұлы, айтыскер Т.Төрәліұлы, әнші Е.Нұржанов көзге түсті. Ал жас ақындардан бүгінгі күні ел ішіне танымал болып үлгерген Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универси­тетінің студенті, айтыскер ақын Қ.Сағи­долла, «Қайнар» университетінің жас ақы­ны А.Бестенқұлов, Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетінің дарынды жастары А.Сейітхан, Р.Қайдаров, Р.Нар­ханов, Сүлеймен Демирел атындағы уни­верситет тәлімгері Б.Тлеуолдинова, сонымен қатар А.Мәди, М.Аханов, А.Иб­рагимов, М.Ахан сөз өнерімен паш етті.
 Бірінен-бірі асып, өнерлерімен тәнті еткен ақындардың арасында Қазақ ұлттық университетінің студенті Р.Қайдаров суы­рылып шықты. Барлық қатысушылар ба­ғалы сыйлықтармен, арнайы диплом­дармен марапатталды.
Дінмұхамед РЫСБЕКОВ, Бостандық ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы:
– Махаббат күніне орай ұйымдас­тырып отырған айтыс біздің менталитетімізге жат 14 ақпандағы Валентин күніне қарсы іс-шара ретінде қолға алынып отыр. Халық арасына сіңіп кеткен өзге мейрамның орнына нағыз махаббат символы – Қозы Көрпеш –Баян сұлу есімімен атап өтуді мен өз басым қолдаймын және бұл мерекені насихаттауда Бостандық ауданы осындай айтыстарды ұйымдастырып отыруға мүдделі. Ендігі кезекте қазақ жастары өзімізге тән мерекелердің лайықты атап өтілуіне аса мән берсе деген тілегім бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста