Қос тойы қабат келген Қызылорда

Қос тойы қабат келген Қызылорда

«Сыр елі – жыр елі» атанған Қызылорда өңірінде қабат келген қос мерейтой кең ауқымда аталып өтті. Қыркүйектің соңғы онкүндігінде аймақтағы алқалы ел облыстың 70 жылдығы мен Қызылорда қаласының қазығы қағылғанына 190 жыл толуын ұлан-асыр тойға ұластырды.

Той шымылдығы осыдан он күндей бұрын «Алаштың Ақмешіті» атты дәстүрлі орындаушылардың фестивалімен ашылған еді. Аптадан астам уақыт бойы облыс аудандары Қызылорда қаласында өнер күндерін өткізіп, жергілікті жұрт әуелеген ән мен жырға құлақ құрышын қандырды. Осы аптаның алғашқы екі күнінде ұлан-асыр той шарықтау шегіне жетіп, Сыр жұртшылығы алыс-жақыннан жеткен мәртебелі меймандарды құшақ жая қарсы алды. Той дүрмегінде елдің есінде қаларлық сан алуан мәдени шаралар өтті.

Мерекелік шараға арнайы ат басын бұрған қонақтар мен жергілікті жамағат алдымен «Тұрмағанбет және әлемдік әдебиет жауһары – Шахнама» атты ғылыми-танымдық конференцияда бас қосып, еліміздің маңдайалды ғалымдары мен зерттеушілері тақырып төңірегіндегі келелі ойларымен бөлісті. Осы басқосуда атақты «Шахнама» кітабының жақында ғана баспа бетінен шыққан қос томдығы көпшілік назарына ұсынылды. Бәрімізге белгілі шығарманың өзімен қатар, еліміздің осы тақырыпта зерттеу жүргізіп жүрген ғалымдарының ой-пікірлері топтастырылған аталмыш кітап жалпы оқырман қауымы үшін тұшымды дүниеге айналды. Бұдан басқа да көптеген шаралар елдің есінде қаларлық оқиғалардың біріне айналды. Тойдың соңғы күнінде айтыстың от тілді, орақ ауызды дүлдүлдері сахна төрінде бас қосып, өрісі кеңейген өлкені жырға қосты.

225

Қос қаламгерге құрмет
Ұлан-асыр тойда Сыр топырағында дүниеге келіп, жалпақ жұртқа аты кеңінен жайылған саңлақтарға жерлестері атынан үлкен құрмет көрсетілді. Белгілі заңгер, академик Сұлтан Сартаевқа «Облыстың құрметті азаматы» төсбелгісі тағылды. Оқырман қауымға талай сүбелі шығармасын тарту еткен белгілі қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбдіжәміл Нұрпейісов судай жаңа «темір тұлпардың» кілтін алды. Арқалы ақын Иран-Ғайыпқа (Иранбек Оразбаев) облыс орталығынан төрт бөлмелі пәтер тарту етілді.

Көпшілік демалыс орындары қатарға қосылды
Қайсыбір жылдарда Қызылорда қаласындағы аллея және скверлер секілді көпшілік демалыс орындары көрінгеннің қолында, тістегеннің аузында кеткен еді. Облыс орталығында жергілікті жұрттың сейіл құратын орны қалған жоқ. Биылғы жылы облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың қолдауымен қалада 20-дан астам көпшілік демалыс орындары елдің игілігіне айналды. Бұл игілікті облыс аудандары мен жергілікті кәсіпкерлер қос мерейтойға тарту етті.

155

Қобыланды батырдың ескерткіші тұғырға қонды
Алаш жұртына аты аңыз болып тараған Қобыланды батырдың еңселі ескерткіші Қызылорда топырағында тас тұғырға қонды. Облыс орталығының ең көрнекті жерінде бой көтерген ескерткіш облыс пен қаланың қатар келген қос мерейтойы қарсаңында осылайша көпшіліктің көзайымына айналды.

Тойға жиналған меймандар мен қала тұрғындары елдің рухын асқақтататын аталмыш игілікті істің куәгері болды. Мәдениет саласының мықты майталмандары бұл ескерткішті еліміздегі ең сапалы салынған мәдени мұраның бірі деп бағалап отыр. Оны жергілікті сәулетшілер Сағидолла Құбашев пен Мұратбай Үмбетов қысқа уақыт аралығында жасап шықты. Батыр бабамыздың тұғыры мәрмәрмен қапталса, ескерткіш мыстан құйылған. Оған қажетті шикізат Қарағанды өңірінен арнайы алдырылған. Тас тұғырда Қобыланды батырдың атқа мініп, жауға қарсы тойтарыс берген сәті көрініс тапқан.

311

Ескерткіштің биіктігі 12 метрге жуықтайды. Бұл мақсатта 72 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Аталмыш қаржыны жергілікті «Автомобиль жолдары басқармасы» ЖШС-і бөлді. Серіктестік басшысы Мұрат Үдербаев халықтың игілігіне айналған еңселі ескерткішті салуға қалтасынан қаржы шығарып, жалпақ жұртқа меценаттығын таныта білді.

«Қарақыпшақ Қобыланды» қоғамдық қорының басшысы Сейтпенбетовтің айтуынша, бұл істің бастаманың қолға алынғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Аталмыш қордың бастамасына жергілікті басшылық қолдау білдіріп, қаланың орталық бөлігінен жер бөлді. Осының арқасында қалың қазақ үшін қастерлі тұлғаны тас тұғырға қондырып, тәмам елдің көңілінен шығарлық көрікті іс жүзеге асты.

56

 

49

Мұхтар Шаханов, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері:
– Қарақыпшақ Қобыланды – эпостық батыр делінгенімен, оның есімі бізге ХV ғасырдан бері белгілі. Тарих беттерінде Әбілқайыр ханның тұсында өмір сүрген деген деректер кездеседі. Ол атақты ханның негізгі қолбасшысының бірі болған. Қазақ хандығының құрылуына Қобыланды батыр себеп болған көрінеді. Қалың қазақтың құтты қонысы – Қызылорда жерінде хас батырдың еңселі ескерткішінің бой көтеруі игі істің бірі деп санаймын.

Алаш-анықтама
Қызылорда облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. 2009 жылғы есеп бойынша, облыста 639 мың адам тұрады. Халқының саны жөнінен еліміз бойынша 11 орын алады.
Қызылорда қаласының іргетасы 1918 жылы Қоқан хандығының кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Алғаш Қамысқала атанған шаһар бертін келе Перовск (1853), Ақмешіт (1922), Қызылорда деп (1925) аталды. Қызылорда қаласы 1925-1929 жылдары қазақ елінің алғашқы астанасы болды.
Алдағы уақытта Сырдың бас қаласында Жалаңтөс Баһадүрдің ескерткіші де бой көтергелі отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста