Қос таланттың көрмесі өтті

Қос таланттың көрмесі өтті

Мылқау бейнені мыңдаған жыл бойы түсінікті тілмен сөйлетіп қою, ақын жүрегінен шыққан өлең жолдары секілді тарихты туынды арқылы көрсете білу тек талантты өнер иесінің – суретші мен мүсіншінің ғана қолынан келетіні сөзсіз. Ондай дарынмен дараланған таланттар қазақта да жеткілікті. Бұған қос суретші Жандарбек Сүгіров пен Мұхамбетқали Дүйсембаевтың туындылары дәлел бола алады. Осы ретте Алматы қаласы Оқушылар сарайының 30 жылдық мерейтойына орай қос қылқалам шеберінің «Ұстаз бен шәкірт» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.
Сурет – өнер туындысы әрі тарих. Шы­нында, суретшінің шығармаларын әр адам өзінің рухани байлығына, табиғи сезім­талдығына қарап түсініп, дүние жұмбағын ұғуға ұмтылады. Мұнда өмірге іңкәрлік, көкіректі жарып шыққан сезім, ішкі жан айқайы бар. Демек, суретті түсініп, оқи алған адамға суретшілердің әр туын­ды­сында өмір бар, сезім бар, махаббат бар. Бұл ретте Жандарбек пен Мұхам­бетқалиді өнер тоғыстырды. Осы өнер жолында ұстаз бен шәкірт әріптес те, дос та, сырлас та болды. Жандарбек Кемали­ұлы­ның шығар­машылық жолы 1976 жыл­дары облыстық, аймақтық көрмелерден бастау алады. Оның шығармашылық бояуы­­­ның өзі үш кезеңге бөлінеді. Алғашқы жұмыстары реалистік акаде­миялық тұрғыда болса, соңғы жылдары шығармашылығындағы өзгерістер түр-түсінің едәуір интенсивті болуымен ерек­шеленеді. Мәселен, «Кездесу» шығар­масында ауыл көрінісі, екі жасөспірім бала­лардың шынайы досты­ғының белгісін алдыңғы пландағы төбет ит арқылы береді. Туынды қанық түстес бояу­лар арқылы берілген. Оған қарама-қайшы бояу­лар қатынасы «Әңгіме» шығарма­сында жақсы көрінеді. Тақырыпта жарқын, жылы әрі жұмсақ, пәк, таза көңілді көр­сетеді. Қай өнер адамы болмасын, елін-жерін шығармашылығына арқау етпейтіні болмайды. Суретші де «Желмая» туын­дысында Сыр өңірінің шақырайған күнімен шексіз даласындағы Қорқыт бабаның аңызындағы түйелерді ұшып кететіндей етіп көрсетеді. Соңғы кезеңде жазған жұ­мыс­тары «Бейтендегі құмдар», «Киіз үй», «Тал түс» сияқты туын­дылардағы түс­тер экс­прессивтік қатынас­тар арқылы беріл­ген. Автор үнемі жаңа ізденісте. Жалпы, әрбір суретшіні белгілі бір деңгейде ком­позитор деуге болады. Өйткені олардың әр туындысының өзіндік ішкі музыкасы бо­лады.
Жандарбек Сүгіров 1980 жылы Львов мемлекеттік декоративтік-қолданбалы өнер институтында оқып жүріп Украина­ның, Испанияның Барселона қаласындағы халықаралық «Вузы народному хозяйству» атты көрмелеріне қатысқан.
Мұхамбетқали Дүйсембаевтың шығар­машылық жолы 1987 жылдардан баста­лады. Суретші шығармашылығының өзекті арқауы ауыл өмірі, туған жер топырағы деп айтуға болады. Мұхамбетқалидің туын­дыларында өткен күн мен қазіргі сәт, таби­ғат пен адамзаттың арасындағы өзара үндестік, яғни жаратылыстың қарапайым адам көре бермейтін, суретші ғана көре алатын үйлесімділіктері ойлы беріледі. Жалпы, қылқалам шеберінің шығарма­шы­лық жолын бірнеше кезеңге бөліп қарас­тыруға болады. Алғашқы сюрреалистік бағыттағы жұмыстары: «Фашизм», «Арал» сериялары, «Атан», «Балалық шақ», «Ме­нің Қазақстаным» т.б. Мұхамбет­қалидің қай туындысы болмасын, өзінше бір жатқан тарих деп айтуға болады. Әсі­ресе «Фашизм», «Отбасы», «Бүркітші», «Көк­серек» секілді жұмыстары қылқалам ше­берінің қиялынан тарихи негізде туын­даған ақиқатты бейнелейтін туын­дылар. Стилизацияға түсіп ешкімге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбамен орындалған абстрак­циялық жұмыс – қылқалам шеберінің соңғы ағымдағы туындыларының бірі. Осы ағымда орындалған «Отбасы», «Абай 56», «Торсық ұстаған қыз», «Қызғалдақ» т.б. туындылары суретшінің ой-қиялын, лири­калық сезімін көрерменге дәл жеткізе білетіндей. Мұхамбетқали әр уақытта өз өнерін шыңдап, көрермен қауымға жаңа туындыларын ұсынып отырады. 2007 жылы ҚР Суретшілер одағында О.Таң­сық­баев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің 70 жылдығына және өз шығармашылығының 20 жылдығына арналған жеке көрмесін ұйымдастырды. 2013 жылдың 17 мамырында Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұра­ғатында жеке көрмесін, осы жылдың қазан айында О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің 75 жылдың мерейтойына арналған жеке көрмесін көрерменге ұсынды.
Жандарбек СҮГІРОВ, суретші:
– Негізі ұстаздың жан сарайын байы­тып отыратын бұлақтарының бірі – шәкірттің өзі. Шәкірттерін үйрету арқылы ұстаз шығармашылық іздені­сінің өрлеуіне қолайлы жағдай жасай­ды. Мен шәкіртім Мұхамбетқали Дүй­сембаевтың шығармашылығын үнемі қадағалап жүремін. Жасаған туынды­ларына көңілім толады. Осы ретте ұстаз бен шәкірт ретінде Оқушылар сарайын­да халыққа арнап көрме өткіздік. Шығар­машылық адамының өз туын­ды­ларын халық алдына шығарып, лайық­ты бағасын алуы үлкен бақыт деп есеп­теймін. Сондықтан шәкіртіммен бірге көрме өткізуді ұйымдастырған Оқушы­лар сарайының басшылығына, ұжы­мына ризашылығымды білдіргім ке­леді.

Мұхамбетқали ДҮЙСЕМБАЕВ, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты:
– Әрбір шәкіртінің зейінін ашып, білім мен ғылымға сусындатқан ұстаз туралы айтылар сөз, жазылар ой көп-ақ. Мен Жандарбек Сүгіровті ұстаз­дардың ұстазы деп есептеймін. Өйткені ол әрбір қазақтың баласын сурет өнерімен сусындатып, ұлтын сүюге баулыды. Нағыз ұстазға тән парасат­тылық пен білімгерліктің биігінен көріне білді. «Ұстазсыз шәңірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деген аталы сөз тегін ай­тылмаған. Сондықтан ұстазым шәкірті­мен мақтанса, мен ұстазыммен мақ­танамын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста