«Қос шынар» арамызға қайта оралды

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Жастайынан ұстаздарының «Өнерде от бол, от болмасаң, жоқ бол» деген кеңесін өмірлік қағидасына санайтын белгілі театр және кино актері Болат Әбділманов бүгінде қазақ өнерінің лаулап тұрған белді тұлғасына айналды. Ол театр сахнасында Абайдың кейпіне еніп, өнерсүйер қауымның сүйіспеншілігіне бөленсе, өзінің кинодағы рөлдерімен халық арасында танымалдығы арта түсті. Өмірде де, өнерде де болмысы бөлек Болат – асылдардың сынығы. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Оразғали Әбділманов пен Қазақстанның халық әртісі Алтын Ружевадан Болаттай дарын иесінің туылуы заңдылық секілді. Өзіне өмір сыйлаған жандарға бүгінде халықтың ұлына айналған Болат өмірбаяндық кітап арнап отыр. «Қос шынар» деп аталатын кітапқа белгілі театр тарландары Оразғали Әбділманов пен Алтын Ружеваға арналған замандастарының естеліктері енгізіліп отыр. 
«Облыстық театрларда Алматы­ның, Астананың актерлерінен кем емес мықты актерлер бар. Бірақ олардың бәрін қазіргі уақытта халық көп біле бермейді. Менің әкем мен анама арнаған осы «Қос шынар» кітабымды жазудағы мақсаттарым­ның бірі – Оразғали Әбділманов пен Алтын Ружева секілді мықты театр актер­лерін бүгінгі ұрпаққа таныту, олар туралы естеліктерді жаңғырту», – дейді автор. Иә, бүгінгі ұрпақ қазіргі кинолардан жиі көрінетін Болат Әбділмановты танығаны­мен, оның тегін, өмірін біле бермейді. Сиясы кеппеген кітапты парақтап отырып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет ордені­нің иегері, белгілі актер Болат Әбділманов­тың түлеп ұшқан ұясы, ата-анасы, өнер жолы туралы біршама сырларға қанық болдық.
Болаттың анасы Алтын Ружева – ке­зін­де театр сахнасында Баян, Жібек, Қаракөз, Ақтоқты, Ақжүніс және басқа да ару қыздарды сомдаған жан. Сахнада басты рөлдерді ойнай жүріп, алты баланы дүние­ге әкелген Алтын – ардақты ана. Ал­тынның жары Оразғали Әбділманов – Қазақстан­ның еңбек сіңірген әртісі, театр сахнасында Балуан Шолақты, Исатайды, Сырым Датұ­лын, Амангелді, Кебек секілді кесек тұл­ғаларды ойнаған актер. 1959 жылы отба­сын құрған Оразғали мен Ал­тын­ның тұңғыш­тары Болат әжесі Бибісары­ның қалауымен үлкен ағасы Мәзімбай мен келіні Шәрбанудың бауырына салынды. Ауылда алаңсыз өскен Болат өз ата-анасын 20 жасында театр сахнасынан көріп, тануының өзі – бір әңгімеге арқау боларлық оқиға. 

Асанәлі ӘШІМОВ, Қазақстанның халық әртісі:
– Кітаптағы суреттерді көріп көп нәрсе есіме түсіп отыр. Сонау театрдың алтын ғасырында облыстық театрлардың қадау-қадау үлкен актерлерінің ара­сындағы Қазақстан­ның халық әртісі Алтын Ружеваға тек шығармашылық қауым ғана емес, бүкіл көрермен ға­шық еді. Ол өте әдемі жан болатын. Менің түйдей құрдасым Оразғали қағып түсір­ді ғой Алтынды. Оразғали Қытай жері­нен келіп, бірден үлкен театрға, Алтын­дай адамға тап болып, республика көлемінде көріне бастады. Кейіннен Әуезов театрына келіп, онда Кебектің рөлін ойнады, сөйтіп, халыққа танымал болды. Оның табиғатында театр актері ретіндегі шеберлігі басым еді. Өкінішке қарай, өмірден ерте кетті. Осындай ға­жап адамдардың соңында мына Болат­тай ұрпақ қалып, ата-ана­сы­на арнап кітап-альбом шығаруы мені қатты қуант­ты. Мен де осындай шағын есте­ліктен бастап, бүгінде, міне, сегізін­ші томды жазып жатырмын. Осы сегізін­ші томды баспаға бермей, қол­жаз­ба түрінде қалдырмақ­шымын.

Нұржұман ЫҚТЫМБАЕВ, Қазақстанның халық әртісі:
– Мен кітапты бастан-аяқ оқып шық­тым. Болаттың ата-анасы Оразғали мен Алтынды бүкіл қазақ халқы, Кеңес Ода­ғы таныды десек, артық айтқандық емес. Өз басым бұл адамдармен дәмдес бол­дым. Билікөл деген жерде «Біздің Ғани» деген фильм түсірілген еді. Сол кезде Орекеңмен, Алтын жеңешеммен алғаш таныстым. Фильм түсіру барысын­да өте қызық шақтарды бірге өткіздік. Орекең­нің ғажап әнші екенін екінің бірі біле бер­мейді. Ал кітапқа келетін болсақ, бастамасын Болаттың өзі жазған, елінің үлкен азаматтарын еске алған. Менің бір қуанғаным, таңғалғаным – кітап тілі­нің жатықтығы. Өзінің әке-шешесін сту­дент кезінде ғана біліп, танығаны кітапта тартымды берілген. Ауылда өскен бала­ның ат үстінде отырып, өзін батыр, сал-сері етіп елестетуінің өзі болашақ актер­лігінен белгі беріп тұрғандай. Маған тағы бір ұнаған тұс – Болаттың «5 дипло­мы болса да, өнер әкенің қаны­мен, ана­ның сүтімен берілмесе, дарыны болма­са, одан түк шықпайды» деген пікірді ашық айта алуы.

Қазақ киносының қара шаңырағы «Қазақфильм» киностудиясында өткен «Қос шынар» кітабының тұсаукесер салтанатында Болаттың өнердегі ұстазда­ры, замандастары жоғарыдағыдай жақсы пікірлер білдірісті. Сондай-ақ қазақ киносының ақсақалдары Асекең мен Нұрекеңдер Болат інілеріне театрдан қол үзбеуіне кеңес берді. Ал актермен ұзақ жылдар дос болып, көптеген фильмге бірге түскен замандасы, белгілі актриса Жанна Қуанышева Болаттай өнер иесінің бойындағы дарынның, тәрбиенің тегін емес, тегінен дарығанын баса айтты. «Қазіргі менің замандастарым кітап жазуға отыра бермейді. Егер әрбір өнер адамы осындай естелік кітап жазып қалдырса, театрға, кино өнеріне қызығушылық танытатын келер ұрпақ үшін қандай ғажап болар еді», – деді Ж.Қуанышева. Біз де Болат Әбділмановтың тырнақалды «Қос шынары» болашақта жазылар естеліктердің бастамасы болғай деп тілейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста