Қос қарашықтай қос қолтаңба

Бүгін Мұқағали Мақатаевтың туған жері – Қарасаз ауылы мен атақты Шалкөде жайлауында ақынның 80 жылдық мерейтойы республикалық дәрежеде кеңінен атап өтілмек. «Алаш айнасы» газеті жыл басында осынау игілікті шараның шын жанашыры екенін және М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты жаңа заман көзқарасындағы тың пайым-пікірлер мен жаңа деректерді жариялауға даяр екендігін жеткізген болатын.


Осы уақытқа дейін көптеген адамдар редакция­мызға хабарласып, хат жолдаған еді. Бізге келіп түс­кен материалдардың дені ақын жайлы естеліктерге негізделіп жазылған. Олардың бірқатарын бұған де­йін газет бетіне жариялаған болатынбыз. Жуырда ре­дакциямызға белгілі ақын Мінуар Әкімханов ағамыз арнайы ат басын бұрып, кезінде Мұқағалидың өзі қол­таңбасын жазып берген екі бірдей кітапты ала келіпті. Мінуар Әкімханов: «Бұл қос кітапты Мұқағали ағам­ның қос қарашығындай 40 жылдан астам уақыт жеке мұрағатымда сақтап келдім. Бұл жинақтарды 80 жылдық тойы қарсаңында Қарасаздағы ақын мұра­жайына тапсырсам деп жүр едім. Мұражайға қалың көпшіліктің жолы жиі түсе бермес, бұл да бір ақын өміріне қатысты шағын дерек қой, оқырман жұрт мұны «Алаш айнасы» арқылы біле жүрсін деген ниетім еді», – деді. Мінуар ағамыз Мұқағалидың «Қарлығашым, кел­дің бе?» кітабын қолтаңбасымен ақынның үйіне барғанда, ал «Мавр» кітабын ауруханаға халін сұрай барғанда алған. Қайран Мұқаң «Маврды» ұсынарда: «Әй, қызталақ, арқаңды тос», – деп, кітаптағы қолтаң­баны Мінуар інісінің арқасына қойып тұрып жазып берген екен...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста