Қоқан арба төрімізде «қоқаңдап» тұра бере ме?

Қоқан арба төрімізде «қоқаңдап» тұра бере ме?

Шымкенттен сансыз баб мекені – Сайрамға қарай шыға берісте Қоқан арбаның ескерткіші қойылған. Доңғалақтары дәу мұндай арбаны қазақ еш уақытта да пайдаланбағанын тарихтан білеміз. Болса – ат арба, болмаса, түйенің қомына-ақ бар жүгін артып жүре берген. Есесіне, қаншама жыл елімізді құрсауда ұстаған Қоқан хандығынан қалған бір белгі секілді. Соны мақтаныш тұтқандай, төрімізге қойғанымыз қалай болар екен?
Көргенде көңілді марқайтып емес, мазақ етіп тұрғандай ескерткіш есепті бел­гінің тарихына үңіліп көрмек болғанбыз. Не үшін қойылған деген күдік те кеудені кеулегені бар. Алдымен білсе, осылар білер деген оймен облыстық мәдениет бас­қар­масына хабарластық. Тарихи ескерт­кіш­терді қорғау бөлімінің маманы Асылхан Алпысов дәл осы қоқан арбаның тізімге алынбағанын айтты. Ол үшін 60-70 жыл өтуі тиіс екен. Ал оның қойыл­ғанына үш-төрт жыл ғана өтіпті. Тізімге алынбаған соң, оның не үшін қойылғаны, тарихы тура­лы да мәлімет жоқ, әрине. Оның қала төңірегіндегі сәулетіне сәйкес келмеуі, қала ансамбліне сәйкес келмеуі де мүмкін деп иығын қиқаңдатқан маман бір білсе, солар білер деп, Қала құрылысы және сәулет бөлі­міне жөн сілтеді. Осындағы бөлім мең­герушісі Алмас Көбеев болса бұл ескерткіш-белгіні алматылық «ЖанАРТ» ЖШС тап­сырыспен орын­дағанын, авторы Асқар де­ген суретші екенін айтты, бірақ фамилия­сын есіне түсіре алмады. Ол тізімге тіркел­мегенін айтып, мүмкін, қалалық коммунал­дық шаруашылық бөлімінің тізімінде бар шығар деп сырғытты. Мұндағы бөлім меңгерушісі Ерубай Құралбаев ол белгінің әлі пайдалануға берілмегенін айтты. Тек білетіні – 2006 жылы сәулет басқармасы тара­пынан қойылғанын жеткізді. Астана қа­ла­сынан дизайнерлер, сәулетшілер келіп, сызбасын сызғанын, оның қалалық сәу­лет және архитектуралық кеңестен өтке­нін жеткізді. Сонымен, бұл ескерткіш-бел­гінің не үшін қойылғанына, оған қанша қара­жат жұмсалғанына жауапты мекемелер жауабын айта алмады. Әрі әрқайсысының жауабы, «аққу – көкке, шортан – көлге» де­гендей, әр жаққа тартады. Бар кінәні командаға аударуға тура келді. Біз солай түйіндедік. Өйткені бүгінде бір әкім келсе, бүкіл командасын шұбыртып жүретін болды ғой. Кетерінде де шұбыртып кетеді. Содан мұндағылар олардың атқарған жұмысынан бейхабар болып шығады...
Тарихты білмейтін мамандардың қаперіне салсақ деп едік. Алматыдағы «Арыс» баспасынан 2005 жылы жарық көрген «Тараз энциклопедиясы» мен «Оты­рар энциклопедиясында» тың деректер кел­тірілген. Мархабат: «Қоқан хандығы (1710-1876) – Ферғана жазығында XVIII-XIX ғасырларда болған мемлекет. Астанасы – Қоқан қаласы. 1808-1815 жылдары Қо­қан хандығы жойқын ұрыстардың нәти­же­сінде Абылай хан тұқымының қарамағын­дағы Шымкент, Түркістан қалаларын жау­лап алды. Түркістан қаласын жаулап алуы ХІХ ғасырдың 20-жылдары болып сана­лады. Қоқандықтар Ұлы, Орта және Кіші жүз қазақтары қоныстанған Арал те­ңізінен Шу, Іле өзендеріне дейінгі аралықты жаулап алды. 1826 жылы Әулиеата бекі­нісінің негізі қаланды. Қоқан бекіністері төңірегінде көшіп-қонып жүрген қазақ қауымы жылына түндік басы 6 қой, 24 қап көмір, 4 өгіз арба сексеуіл, 100 бау қамыс тапсыруға міндетті болды. Ал егіншілер егіс өнімінің үштен бірін Қоқан хандығы қазы­на­сына төлеуге тиісті еді. Оның үстіне, соғыс кезінде қару ұстауға жарайтын әрбір қазақ Қоқан бектерінің қол астында әскери қызмет атқаратын. Осындай езгіге қарсы қазақ халқы талай рет бас көтерді (1821, 1858). Бұл қозғалыстар жақсы ұйым­дасты­рылмай, жеңіліске ұшырады. Қоқан билі­гіне қарсы шыққан Байзақ датқаны қо­қан­дықтар 1864 жылы тамыз кезінде Шым­­к­ент­те зеңбірек аузына байлап атады. Атақ­ты батыр Жанқожа Нұрмұхаммедұлы­ның Қоқан, Хиуа, Ресей басқыншыларымен сан рет сұрапыл шайқастар өткізгені белгілі. Жанқожа батыр 1841 жылдың шамасында Кенесары ханмен тізе қосып, атақты Созақ қамалын қоқандықтардың қолынан азат етуге тікелей атсалысты. Хан әскеріне 18 күн бойы алдырмаған бекіністі Кенесары­ның соңғы үміті – Жанқожа бастаған Шекті батырлары атой­лаған шабуылдарымен шеп бұзып алған...»
Тарих осылайша сыр шертеді. Тарихқа тас атқалы отырған да ешкім жоқ. Дегенмен қандай да бір ескерткіш, не белгі қоярда қазақтың бетіне шіркеу болмайтындай, жерге қарататындай емес, абыройымызды асқақтататын­дай етіп қойылса деген ізгі тілегіміз бар...

Там-тұм тарих
Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдерінде арық-атызды жерлермен жүк тасу үшін доңғалақтарының диаметрі 2 метрге дейін жететін қос доңғалақты арбалар пайдала­нылған. Оларды «қоқан арба» деп атаған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста