Дінмұхамед Қонаевтың 80 жылдық мерейтойында әннен шашу шашқан Роза Рымбаеваның видеосы көптің көзіне жас үйірді. Бейнежазба 1992 жылы 12 қаңтарда, біртуар тұлғаның туған күнінде түсірілген.
Танымал әнші Роза Рымбаева ол кезде — 35 жаста, деп хабарлайды Экспресс К.
Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тойының видеосы Facebook-тегі Qonaev Қонаев парақшасында жарияланды. Онда дастархан басындағы қонақтарға белгілі әнші Роза Рымбаева әннен шашу шашып, халық әні "Арман-айды" орындап жатыр. Ол кезде әнші- 35 жаста.
Бейнежазбада Дінмұхамед Қонаев бастаған қонақтардың әнге елітіп, ұйып тыңдап отырғанын байқауға болады. Марқұмның 80 жасы қарапайым ғана үйде аталып өткен екен.
Заңғар тұлғаның естелік бейнежазбасының астына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр.
Олар: "Алла атамыздың жанын жәнаттан қылсын", "Не деген қарапайым адам еді. Қазір бұндайларды табу қиын", "Қайталанбас тұлға, ұлт көсемі ғой жарықтық. Алла өз рақымына алсын. Ұлы адам ғой", "Роза Рымбаева мына жерде жап-жас екен", -
—деп түрлі пікір жазған.
Экспресс К.