Қолөнер шеберлері Ыстықкөлде бас қосты

Қолөнер шеберлері Ыстықкөлде бас қосты

Қырғызстанның Ыстықкөл облысына қарасты Чолпон-Ата қаласында осыдан бірнеше күн бұрын IV халықаралық «Оймо-2009» фестивалі салтанатты түрде ашылды.

Фестиваль аясында Орталық Азия шеберлерінің ұлттық қолөнер мен декоративті-қолданбалы өнер бұйымдары сарапқа түсетін болады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, фестивальге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Үндістан және Қырғызстан елдерінен жүзден астам үміткерлер қатысуда. Ыстықкөл тұрғындары мен қонақтары қазақ зергерлерінің қолынан шыққан күміс әшекейлер мен өзбек ағайындардың жібек және керамика бұйымдарын, басқа да қатысушылардың әр алуан туындыларын Чолпон-Атаның орталығында арнайы тігілген шатырлардан мейлінше еркін тамашалауда.    

Фестивальдің салтанатты ашылуында Чолпон-Ата әкімі Нұрлан Насирдинов атап өткендей, бұл шара Ыстықкөл аймағы жыл сайын асыға күтетін айтулы да дәстүрлі мерекеге айналып отыр. Сонымен қатар Орталық Азия халықтарының ұлттық қолөнері мен мәдениетінің сақталуы, жан-жақты дамуы тұрғысынан алғанда аталмыш фестивальдің маңызы зор екендігін Қырғызстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Дамира Алыжбаева да өз сөзіне арқау етті.  

12 тамызға дейін созылатын осы фестиваль бағдарламасында қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, сән үлгілерін көрсету, қолданбалы өнер жөнінен балаларға арналған мастер-кластар өткізу, дәстүрлі өнер мен кәсіп бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастыру шаралары да қарастырылған. Мұның сыртында, Чолпон-Атаның өлкетану мұражайында қырғыз қолөнер шеберлерінің ең үздік еңбектері қойылған декоративті-қолданбалы өнер көрмесі жұмыс істейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста