Қой жылы туған «жұлдыздар» жуас емес...

Жақындап қалған жаңа жыл – қой жылы. Қазақ халқы үшін қой жылы өте жайлы болып есептеледі. 1991 – қой жылы Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген. Халқымыздың түсінігінде құтты жыл саналатын қой жылы көптеген белгілі адамдар, өнер жұлдыздары дүниеге келген екен. «Алаш айнасы» қой жылы туған атақты адамдардың тізімін жасап көрді.

Рамазан Стамғазиев – әнші, ол 1967 Алматы облысы Райымбек ауданы Көкпияз ауылында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Стамғазиев өнерге бала кезінен құштар болған. 1989 ж. Алматы эстрада-цирк училищесін (Қ.Байбосынов класы бойынша) бітірген. 1989 жылдан "Қазақконцерт" бірлестігі құрамында өнер көрсетіп жүр. 1994 - 98 ж. эстрада-цирк училищесінде, 1999 жылдан Алматы казіргі Қазақ ұлттық консерваториясында педагогикалық жұмыспен шұғылданады. Ә.Қашаубаев атындағы әншілер байқауының жеңімпазы. Рамазанның орындауындағы «Сары бидай», «Дариға дәурен», «Ойламаңдар, жігіттер» секілді әндері халықтың ерекше сүйіп тыңдайтын туындыларына айналған. Рамазан Стамғазиевтың жұбайы Ұлту Қабаева да белгілі әнші.

Медеу Арынбаев, белгілі әнші, ол 1967 жылдың 5 наурызында Сарыағаш ауданы, Дарбаза бекетінде дүниеге келген. Орта мектепті бітіріп, әскери борышын өтеп келген соң, еңбек жолын Сарыағаш аудандық автоклуб меңгерушісі болып бастаған. 1988 ж. Ташкенттегі эстрада-цирк студиясына оқуға түседі. Оқып жүріп Қырғызстанда өткен «Ыстық көл-89» Орта Азия халықаралықбайқауына қатысып, дипломант атанды. 1990-95 жылдары Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық университінің музыкалық-педагогикалық факультетінде оқыды. 1992 ж. республикалық «Жас қанат» байқауының жеңімпазы болды. Келесі жылы Молдовада өткен «Мелодия прута» халықаралық әншілер сайысында бас жүлдені жеңіп алды. 1994 ж. Халықаралық «Азия дауысында» дипломант, ал одан кейін Түркияда өткен Помукалья қаласындағы байқауда лауреат атанды. 1997 жылдан «АБК»әншілер тобының жетекшісі. Оның репертуарында Н.Тілендиевтің «Құстар әні», Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында», «Ақ бантик», Үкілі Ыбырайдың «Гәкку», халық әні «Назқоңыр» және өз туындылары бар. 2002 ж. Республика сарайында алғашқы есеп беру концертін сәтті өткізіп, жыл қорытындысында «Алтын Адам» жүлдесін алды. Медеу әнші ғана емес, қамқор әке, осыдан бірнеше жыл бұрын жан жарынан айырылған әнші екі баласын өзі тәрбиелеуде.

Берік Айтжанов – театр және кино актеры. Ол 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Берік Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген соң М.Әуезов атынтағы жұмысқа тұрды. 2009 жылға дейін Берік «Час волка», «Мұстафа Шоқай»және «Махамбет»картиналары арқылы дебют жасады. Алайда оны көрермен теар актеры ретінде жақсы білетін. Біраз уақыттан кейін Берік экрандарға Ақан Сатаевтың «Ағайынды»сериалы арқылы шығып, кинода да өзінің мықты актер екенін дәлелдеді. Аз сериялы хикаяда Айтжанов негізгі рөлдердің біріндегі кейіпкер. 2011 жыл Айтжановтың карьерасына үлкен сәттілік әкелуде. Ол Егор Кончаловскийдің «А»-ға оралу» және Сатаевтың «Ликвидатор» киносында ойнады. Сондай-ақ ол А.Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмінде Әбілқайырдың рөлін ойнаса, былтырғы жылы «Тракторшының махаббаты» сериялында Жасұлан атты кейіпкердің кейпіне енді.

Бейбіт Сейдуалиева – әнші, ол 1979 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Бірлесу – Еңбек ауылында дүниеге келген. Бейбіт Тараз қаласындағы М.Дулати атындағ мемлекеттік университпетті бітірген. Әнші «Жамбыл жұлдыздары», «Жаңа ғасырға жаңа ән», «Жас қанат», «Алтын Самұрық» байқауларының лауреаты. Халықаралық Ш.Қалдаяқов атындағы байқаудың дипломаты. Бейбіт Сейдуалиева белгілі әнші Тоқтар Серіковтың жұбайы. Ол – сүйікті жар, ибалы келін, аяулы ана.

Тұрсынбек Қабатов – қазақстандық танымал актер, КВН-ның жарқын жұлдызы. Ол 1979 жылдың 10 қазанында Батыс қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген. Тұрсынбек алғаш рет үлкен сахнада КВН арқылы танылды,«Аграрка сарбаздары» КВН командасының жетекшісі болды. Республикалық «Тазша бала», халықаралық «Шабыт» байқауының жеңімпазы, Қазақстанның бұрынғы «Астана.kz» қазіргі «Қазақтар» құрама командасының белді ойыншысы болған. Бүгінде Тұрсынбек «Әзіл әлемі» көңілді тапқырлар театрның жетекшісі. Қазақстандағы ең көп сұранысқа ие асаба. Қарапайым халық арасындағы әзілдер арқылы жұртты қыран-топан күлдіретін Тұрсынбек жұбайы Мөлдір екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр.

Нұрлан Қоянбаев – КВН жұлдызы, продюсер, тележүргізуші. Ол 1979 жылдың 19 шілдесінде Қызылорда облысында дүниеге келген. Нұрлан 2003 жылдың үздік квн-шісі. Нұрлан Қоянбаев өзінің ұйымдастырушылық қабілеті мен актерлығының арқасында телеарналарда бірнеше жобалар жасап, әзіл-ысқақ бағдарламаларды жүргізді. Бүгінде Нұрлан отандық және шетелдік өнер жұлдыздары, белгілі тұлғалар қатысатын «Түнгі студия» бағдарламасын жүргізеді.

Мәдина Сәдуақасова – әнші, ол 1979 жылдың 8 қыркүйегінде дүниеге келген. 1992 жылы он үш жасар қыз "әнші балапан" байқауына қатысады. Алғашқы әрі ірі байқауы ол телевизиялық жарыс "Музыкальный вояж" байқауы. Көптеген байқауларда гран-приді иеленіп, жүлдегер атанады.1999 жылы Мәдина, "Жас Қанат" байқауында ән шырқайды, одан кейін "Азия Дауысы" байқауында өзінің бағын сынайды. Сол жылы Мәдина, облыста "жыл адамы" деп танылады. Одан кейін Президент оркестрінде, "Гүлдер" ансамбілінде ән шырқайды.2004 жылы Ермек Елгезектің "Махаббат жалыны" атты әніне алғашқы бейнебаянын түсіреді. Сезімге толы, керемет ән халық арасында кеңінен таралып кетті .Араға көп уақыт салмай "Аңсағаным" деп аталатын өзінің тұңғыш ән жинағы жарық көрді. Биылғы жылы Мәдина Олжас атты сері жігіттің жары атанды, жақында ұлды болды.

 Ернар Айдар – қазақстандық жас әнші, ол 1991 жылдың 13 наурызында дүниеге келген. Өткен жылдары хит болған «Жарығым-ай» әні арқылы Ернардың танмалдығы артты. Өнерге келгеніне көп болмаса да Ернар өзінің жеке концертін де беріп үлгерді. Бүгінде Ернардың «Тым болмаса», «Жарай ма», «Сонда да сүйем», «Ботакөзім» т.б көптеген әндері тыңдармандарының көңілінен шығып, хитқа айналған. Ернар қазір бойдақ, өзіне өмірлік жар боларлық көркіне ақылы сай қыз іздеп жүрген көрінеді.

Жандарбек Бұлғақов – айтыскер ақын. Ол 1991 жыллдың 25 сәуірінде дүниеге келген. Жандарбектің әкесі Айтақын Бұлғақов та белгілі айтыскер ақын. Ананың сүтімен, әкенің қанымен бойына ақындық дарыған Жандарбек жастайынан аламан айтыстарға қатысып, жүлдегер атанып келеді. Ол небір от ауызды, орақ тілді ақындармен айтысып, өзінің ұшқыр ойымен, ұтымды ұйқастарымен талайдың алдын орады. Жандарбек «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері.

Әли Оқапов – жас әнші, дарынды биші. Ол 1991 жылы 22 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келді. Әли Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева мен белгілі музыкант Тасқын Оқаповтың баласы. Өнерлі отбасында дүниеге келіп, жастайынан музыкамен сусындап өскен Әли бүгінде өнердегі өзінің шыңын бағындыруға талыпынып жүр. Әли кәсіби музыкант, 7 жыл фортопиано сыныбында оқыған. Бүгінде ол қазақ эстрадасында өзіндік стилі бар әнші. Оның «Биле» атты әні хитқа айналған.

Қой жылы туған ер адамдар өте сымбатты келеді, оларды нәзікжандылар өте жақсы көреді. Ерлердің жаны жайсаң, мінездері жайдары. Олардың қулығы да жоқ емес және өздері де өте сенгіш. Мұндай еркектер жауапкершілікті өз мойнына алатын мықты әйелдерді жар етіп таңдайды. Тілтабысқыш, көңілді мінездерінің арқасында олар кез келген ортада өздерін жақсы ұстайды. Олар әдемі сыйлық жасап, ілтипат көрсетуден алдына жан салмайды. Сондықтан қыз-келіншектер үшін олар өте тартымды. Қой жылы туған еркектердің кемшілігі – тұрақсыздығы, мінездерінің әлсіздігі, қиын жағдайда ішімдікке салынып кетуі мүмкін.

Қой жылы туған қыз-келіншектер – эмоцияға берілгіш, өте сезімталдығымен ерекшеленеді. Олар өздерінің ұшқыр қиялымен кез келген жанды баурап алады. Бейкүнә болып көрініп, өзінің еркелігін көтере алатын ер адамдардың жүрегін жаулайды. Мұндай әйелдердің жанында ер адамдар өзін нағыз мырза сезінеді. Бірақ мұндай әйелдер еркекті басқаруға, бағындыруға талпынбайды. үйді әсемдеп, отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, бала-шаға тәрбиелеуді ең маңызды деп санайды. Олар – махаббатсыз өзін бақытсыз сезінетін жандар. Қой жылы туған әйелдердің ішкі түйсігі (интуициясы) жақсы дамыған. Сондықтан олардың кейбіреуі магияға жақын. Өте сезімтал нәзікжандылар біреуге ренжісе ұзақ кек сақтап жұрмейді, қарымтасын дер кезінде қайтарады.

Жұлдыз жорамалшылар табалдырығымыздан аттағалы отырған Қой жылы құтты, жайлы жыл болады деп боллжап отыр. Барша қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтай отырып, алдағы жаңа жыл қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жыл болсын деп тілейміз. Егер қой жылы туған белгілі адамдарды білсеңіз, тізімімізді толықтыруға атсалысыңыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста