«Қобыланды батыр» поляк оқырмандарына жол тартты

«Қобыланды батыр» поляк оқырмандарына жол тартты

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай Варшавада қазақтың мазмұнға аса бай, қастерлі де өлшемді асыл мұраларының бірі болып табылатын қаһармандық эпосы – «Қобыланды батыр» жыр кітабы жарық көрді. Эпостық туындыны поляк тіліне аударып, оның жарық көруіне Қазақстан Елшілігі бастама жасап, ұйытқы болған.
Поэма поляк оқырмандары үшін қазақтың дәстүрлі мәдениетінен сыр шертіп, қазақ тілінің байлығы мен көркемділігін паш етеді. Қазақ батырының ерліктері туралы эпостық баспа туындысы көп бояулы болып безендіріліп, батырлық айқасқа жан бітіретіндей кес­кінмен, бай суреттемемен көмкерілген. Шығарманың алғы сөзінде Польшадағы Қазақстанның елшісі Алек­сей Волков: «Біз болашақты анық бағамдау үшін өт­кен­ге көз саламыз. Қазақстан халқының бірлігі оның тарихында да аса маңызға ие болды, бұл фактор қашанда қуаттылықтың кепілі және ел дамуының басты қозғаушы күші болып келеді әрі солай болып қала береді», – деп жазған екен. Елшінің пікірінше, «ха­лықтар ынтымақтастығы идеясы және Тәуелсіз Қазақстанға деген зор сенім кешегі және бүгінгі тарихи тұлғаларды – Қобыланды батыр мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты көзге байқалмайтын сабақ­тастық жібімен байланыстырады».
Жалпы, бұл – дипломатиялық өкілдіктің Қазақстан туралы Польша елінде жарыққа шығарған осымен 9-шы баспалық туындысы. Бұл ретте дипломаттар поляк және қазақ тілінде кітаптар шығару ісінің екі ел ара­сындағы мызғымас достықтың, тарихи және мә­дени дәстүрлердің терең ортақтығының көрінісі болып табылатынын айтады. Ал мазмұнға бай батырлық эпос болып табылатын кезекті кітап, поляк оқырмандарының қазақ халқының мәдени мұрасына деген үлкен қызы­ғу­шылығын, онымен жақынырақ танысу ниетін туды­ратыны сөзсіз.
Қазақ ауыз әдебиетінде «Қобыланды батыр» жыры ерекше орынға ие. Бұл – мазмұны жағынан да, басқа батыр­лық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопеясы. Ғасырлар бойы ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген қазақ халқының қаһармандық жырында туған Отанын басқыншылардан қорғаған Қобыланды батыр жайын­да жырланады. Туынды қазақ халқының өміріндегі өзіндік энциклопедия, қазақтың тұтастай ұлттық дү­ние­танымы іспеттес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста