Қазақстандағы Сорос қорының «Құқықтық реформа» бағдарламасының және AURORA қоғамдық қорының «Жақсы өмір сүру құқығы» ұзақ мерзімді жобасы аясында «Мектеп қоржыны» деп аталатын жаңа деректі фильм түсірілді.
Жоба авторларының айтуынша, фильмде «қиын балалардың» мәселесі, баспанасыз отбасылар мен мигранттардың балалары жайында проблема қозғалады. Деректі туынды бойынша девиантты мінез-құлқы бар және басқа да әлеуметтік жағынан аз қорғалған топқа жататын балалардың сапалы білімге қол жеткізу мәселесін көтеруге тырысқан. Картина адамның бойында төзімділікке негізделген мінез-құлықты қалыптастыруға және осы мәселені шешу бойынша тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Жаңа фильм алдағы уақыттарда отандық телеарналардан көрсетілмек.